Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Жаттығу жұмыстары. 355-жаттығу. М.Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша келтірілген жеке сөйлемдерден айқындауыш мүшелерді (оңашаланған айқындауыш, қосарлы айқындауыш) ажыратыңыздар. 1. Өзі сері, әнші, өзі сұлу Байтасқа екеуі де – бірі кәрі, бірі жас бала қызыға да, тамашалай да қараған. 2. Бұл өңірде, әсіресе өзеннің бұл жағында, Абайды дос көрер жан жоқ. 3. – Ақылды мына ер кедейден, Дәркембайдан, сұрасаңшы. 4. Девяткин фельдшерге кісі жіберген-ді. 5. Абайдың өз шешесі Ұлжан мен екінші шешесі сұлу жүзді Айғыз қатар тұр екен. 6. Әмір жасқа көз алмай Үмітей қарайды. 7.Тағы бір жас қатын-жеңге де үлкен үйге қарай ұмтылысқан. 356-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді көшіріңіздер: оңашаланған айқындауыштарды тауып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар. 1.Биіктен қиян алыс көк жиекке қадалып қараған Абай көзі ой көзі сол кемені оң сапарға ұзатып, талмастан телміре қарап қалыпты (М.Ә. 2. Кең алапта тұмсық денесіне түскен жалғыз елеулі белгі ашық шақта «Қара жыра» атанып кетіп еді (Ғ.М.). 3. Сол арманның Ербол апарып, әуелі Тоғжанның жеңгесіне Асылбектің келіншегіне айтыпты (М.Ә.) 4. Қара далада желге шыдамды, тамыры мықты шөптер мысалы көкпек, жусан, баялыш, бетеге өседі (Ғ.С.). 5. Отанымыздағы бауырлас елдердің әрқайсысының әдебиет тілін соның ішінде көркем әдебиет тілін сөз ету – аса бағалы жайдың бірі (М.Ә.). (Ғ.Қалиев, Қазіргі қазақ тілінің жаттығулар жинағы, 233-234 беттер) 109-жаттығу. Мысалдардан қаратпа сөздерді тауып, олардың қандай сөздерден, қандай грамматикалық формадан жасалғанын анықтаңдар. Қаратпа сөздердің стильдік қызметіне ерекше назар аударыңдар. 1. Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам! 2. Сержан аға, мен сізді бір көрсем де ұмытқан жоқпын. 3. Балалар, аманбысың, шырақтарым, Майысып көлге біткен құрақтарым. 4. Жүрегім, жырым сенікі. Кеңесті далам, кең далам. 5. Тыңда, дала Жамбылды. Тыңда Қастек, Қаскелең.
Сөйтіп, Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылдың қысы мен жазғытұрымында Абайдың өлең¬дерін, қарасөздерін жинап, түгендейді. Ал, жа¬дырап жаз келгенде бұл екеуі Абай мұра¬сын көрші әрі туысқан есебінде болған Мүр¬сейіт Біке баласы деген молданың қолына бе¬ріп, әдемілеп көшіріп жазуды тапсырады. Көркем (ескіше хұсни) жазудың хас шебері Мүрсейіт молда, Әрхамның куәлігінше, ар¬найы тігілген қоста отырып, өз жұмысын бір айда аяқтап шыққан екен.
Аға буын зерттеушілер көп зерделеген бұрыннан мәлім мағлұматтарды қайталап жатудың қажеті шамалы. “Абайдың алғашқы жинағы баспаға қалай әзірленді?” деген сұ¬рақ¬тың, біздіңше, бүгінгі күні бір ғана астары қалған сияқты. Ол – аталмыш жинақтың шығуына шәкірті Шәкәрімнің қосқан үлесі қандай еді деген мәселе. Төменде осыған баса назар аудармақпыз.
Бірден айтайық, Абай өлеңдері мен қара¬сөздерін жинастыру барысында Шәкәрім мынадай істерді атқарды деп санамалап өту қиынға соғады.