Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
3-тапсырма. Мәтінді қайта оқыңдар. Қанша сөз естеріңде қалды? Тілдік ерекшелігін салыстырыңдар.Сын-қимыл (БЕЙНЕ) ЖӘНЕ мөлШЕР ҮСТЕУЛЕРІСын-қимыл (бейне) үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше?деген сұрақтарға жауап береді. Олар: әрең, әзер, жедел, шапшаң, тез, жылдам, тікелей, зорға, ақырын, бірден, шалқасынан, балаша, емін-еркін, бостан-бос. Сын-қимыл (бейне) үстеуі көбінесеетістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін-еркінотырды, бостан-бос жүрді т.б.Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдікдәрежесін, шама-шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қанша-лық? қаншалап? және кейде қалай? қалайша? сияқты сұрақтарғажауап береді. Олар: Онша, сонша, мұнша, анағұрлым, едәуір, біраз, бірталай, неғұрлым, бірен-саран, азды-көпті. Мысалы: оншажараспайды, анағұрлым көбейді, едәуір өсіпті дегенде онша, анағұрлым, едәуір мөлшер үстеулері жараспайды, көбейді, өсіптідеген етістіктермен тіркесіп, қалай? қанша? деген сұрақтарға жауапберіп, қимылдың шама-шарқын білдіріп тұр.
2)Біздің әнші-композиторларымыз ұрпақтан(неден?шығ.сеп) ұрпаққа(нег? бар.сеп) жалғасатын,құлақтан(неден? шығ.сеп) кіріп бойды алатын әсем әндер сыйлайды.
3)Қазақтың(кімнің? ілік сеп) ән мен жырының(ненің? ілік сеп) ғажайып сыры,ғасырлық тарихы бар.
4)Сәбидің(кімнің?ілік сеп) бойнына ән мен жыр ана сүтінен(неден?шығ сеп) дариды.
5)Жыр тыңдап өскен баланың(кімнің? ілік сеп) қабылдау қабілеті,сана-сезімі,ақылы айрықша дамылған.
6)Ән-адам өмірінің,сезімі мен көңіл күйінің айнасы.
7)Ән-адамды(кімді?таб сеп) ой-сезімімен(немен? көм сеп) білдіреді,тәрбиелейді.