Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сделайте краткий пересказ. Апа, ақ сүтіңнен айналайын! Соғысты біз тілеп алған жоқпыз. Соғыс — зұлымдық. Әлемдегі адамдарға қауіпті. Біз онымен күресеміз. «Мен соғыста ерлік көрсетейін» деп ойлаған емеспін. Мен мұғалім болуға дайындалып жүрдім. Балаларға сабақ бергеннің орнына қолыма қару ұстадым. Жауынгер болдым. Ол — менің кінәм емес. Қазір мектепте оқып жүрген жастарға менің алғашқы сабағым — осы. Оларға беретін білімім де — осы. Бір сағаттан кейін мен кетемін. Отаным үшін бір міндетті орындаймын. Қайта келмеймін. Жауды талқандаймын, өзім де жоқ боламын. Отан үшін, халық үшін, дүниедегі бар жақсылық үшін...