Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1. Қазақстанның алып жатқан жер аумағы неше мың шаршы метрге тең? * 2 724, 9 мың2 724, 8 мың2 742, 9 мың15 000мың2. Қазақстанның шегарасының ұзындығы неше километр? * 15 0002724, 9 мың13 00016 0003. Сөйлемді оқып, толықтыр. Қазақстан шикізат және қазба байлығы жағынан дүниежүзіндегі ... елдің ішіндегі ең бай ... елдің қатарына кіреді. * 186, 10168, 10178, 10186, 9Вариант 5 Это обязательный вопрос.4. Қазақстанның батысы мен солтүстігі қандай мемлекетпен шектеседі? * ТүрікменстанӨзбекстанҚырғызстанРесей5. Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орын алады? * тоғызыншыалтыншыекіншіжетінші6. Мәтінге сәйкес келетін ақпаратты табыңыз. Орталық Қазақстанда көмір, жез, қорғасын, мырыш, құмтас өндіріледі. Мұнда көмір қоры 200 миллиард тоннадан асады екен.Солтүстікте алтын, темір; шығыста қорғасын, мырыш; оңтүстікте қорғасын; оңтүстік, шығыс, солтүстікте мәрмәр кен орындары бар. Батыста Каспий жағасындағы құрлықта 2, 2 миллиард тонна, су астында 4, 5 миллиард тонна мұнай жатыр. Аралдың айналасында 350 миллион тонна мұнай бар. Мұнай құбыры 10715 шақырымға созылған. Міне, қазақ даласы осындай! * алып жатқан аумағытемір мен алтын өндіру туралышикізат және қазба байлықтары.алтын, күміс өндіру туралы.7. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз. Қазақстан- Ұлы дала елі. Ұлы далада біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген. Біз-көк аспан мен шексіз жасыл даланы мекендеген Ұлы даланың балаларымыз. Ұлы даланың табиғаты қоңыржай. Мұнда қазба байлықтар да, бидай да бар.Елімізде төрт климаттық аймақ бар: дала, орманды-дала, шөлейт және шөл аймақтар. Қазақстан-далалы ел. Дала бүкіл жер көлемінің 26% -ын алады. Жазы-ыстық, қысы өте суық. * Еліміздің қай аймағында күріш, арпа өсіріледі?Елімізде қандай аймақтар бар?Жазда неге өзендердің суы құрғайды?Қандай шөл және шөлейт жерлерді білесің?8. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.Қара топырақты орманды-далалы аймақ жер көлемінің 0, 4%-ын алады. Жазы ыстық, қысы өте суық. Мұнда суарылмайтын жаздық бидай өсіріледі.Шөлейт жер көлемінің 10%-ын алады. Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын өте аз, көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын жауады. Жазы ыстық, қысы суық, ашық аязды күндері көп болады. Жазда өзендердің көбінің суы құрғайды. * Ылғалдың мөлшері қанша?Қазақстанды неге "Ұлы дала" дейміз?Елімізде қандай аймақтар бар?Шөлейт аймақтардың ауа райы қандай болады?9. Сәйкес жауапты табыңыз. Шөл дала жер көлемінің 44%-ын алып жатыр. Шөлдің ең үлкені- Қызылқұм. Жердің бедері мен құмның түсі қызғылт сарғыш. Климаты құрғақ. Онда жазда аптап ыстық, ауызсу жоқ. Ылғал мөлшері өте аз. Сондықтан өзен бойына суармалы күріш, тез пісетін арпа егіледі. орманды-дала табиғатыдалалы жер табиғатышөлейт жердің ауа райышөл даланың табиғаты10. Сәйкес жауапты табыңыз. Елімізде төрт климаттық аймақ бар: дала, орманды-дала, шөлейт және шөл аймақтар. Қазақстан-далалы ел. Дала бүкіл жер көлемінің 26% -ын алады. Жазы-ыстық, қысы өте суық. Қара топырақты орманды-далалы аймақ жер көлемінің 0, 4%-ын алады. Жазы ыстық, қысы өте суық. Шөлейт жер көлемінің 10%-ын алады. Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын өте аз, көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын жауады. Жазы ыстық, қысы суық, ашық аязды күндері көп болады. Жазда өзендердің көбінің суы құрғайды. Шөл дала жер көлемінің 44%-ын алып жатыр. Шөлдің ең үлкені- Қызылқұм. Жердің бедері мен құмның түсі қызғылт сарғыш. Климаты құрғақ. Онда жазда аптап ыстық, ауызсу жоқ. Ылғал мөлшері өте аз. * аймақтардың ауа райықазба байлықтарылғал мөлшеріжауын-шашын мөлшеріВариант 5
Тарих – бір күнде зерттелетін шаруа емес, сондай-ақ заттай деректер мен жазба құжаттардың көмегінсіз тарихты зерттеу де мүмкін емес. Сондықтан тарихшылар көп ізденіп, ежелгі дәуірден сақталған тарихи деректерді мұқият зерттей отырып, а ң өткен тарихын жазады. Ендеше, адамдардың өткен өміріне қатысты түрлі мәліметтерді «тарихи деректер» деп атаймыз. Өз кезегінде тарихи деректер ауызша, жазбаша, археологиялық, этнографиялық және антропологиялық болып әр түрге бөлінеді. Соның ішінде ауызша және жазбаша деректердің қазақ тарихында алатын орны ерекше. Ауызша деректер мыңдаған жылдар бойына ел арасында ауыздан-ауызға жетіп, бүгінгі күнге дейін сақталған. Мұндай деректер қатарына біз ежелден сақталған аңыз-әңгімелерді, эпостық және салт-дәстүр жырларын, шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді жатқызамыз. Бүгінгі таңда ауызша деректер негізінде қазақ халқының ауыз әдебиеті мен ауызша тарих айту дәстүрін жандандыру кеңінен қолға алынуда. Оның мысалы ретінде бүгінде ауызша деректер мен жазба деректерді өзара сабақтастыра отырып қазақ халқының шежіресін жазу ісінің қарқынды түрде жүріп жатқанын айтамыз.
Қазақ тарихын зерттеудегі баға жетпес құнды мұралардың біріне түрлі мұрағат қорларында сақталған жазба деректерді жатқызамыз. Осы жерде балалар, біздің ойымызда «мұрағат дегеніміз не болуы мүмкін?» деген сұрақ туындайды. Ал, бұл сұрақтың жауабын «Мұрағат дегеніміз – ескірген құжаттарды сақтайтын мекеме» деген жауаппен толықтырсақ, жазба деректердің қай жерде мұқият сақталатынына толық көз жеткіземіз. Әрине балалар, тарихи мәселелерді зерттеуде мұрағат қорларындағы тың деректерге негізделген әрбір шығарманың құны да жоғары, ақиқатының да шынайы айтылатынын білуіміз керек. Әңгімемізді бұдан әрі тарқатсақ, қазба жұмыстары кезінде табылған заттай деректер арқылы адамзаттың өткен тарихын зерттейтін ғылымның – археология деп аталатынынан хабардар боламыз. Археология грек тілінен аударғанда «көнені зерттеу» деген мағына білдіреді. Яғни, археология ғылымы тарихи ескерткіштерді зерттей отырып, ежелгі дәуірдегі адамдардың қоғамдық өміріндегі өзгерістер мен ерекшеліктерді анықтайды. Сондай-ақ, балалар, жер бетінде түрлі халықтар өмір сүргеннен кейін олардың айналысатын кәсібі мен өзіндік мәдениеті болатыны белгілі. Осыған байланысты, түрлі халықтардың әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылымды – этнография деп атайды. Этнография гректің этнос – «халық», графия – «жазу, үйрену» деген сөздерінен құралып, «халықтар сипаттамасы» деген мағынаны білдіреді. Этнографиялық зерттеулер арқылы біз әрбір халықтың өзіне тән салт-дәстүрлері мен тұрмыс-тіршілігіндегі өзіндік ерекшеліктермен танысып, олардың шығу тегі туралы кең мәліметтер аламыз. Ал, мұндай мәліметтерді зерттеп, жинақтайтын мамандар – этнографтар деп аталады. Тарихи дерек көздерінің негізі болып табылатын этнографиялық мәліметтер археологиялық қазба жұмыстары кезінде ашылған ертедегі адамдардың мекен-жайларын, тұрақтары мен зираттарынан табылған заттарды зерттеп, өзара салыстыру арқылы алынады. Тарихи деректің тағы бір түрі антропологиялық дерек көздері екенін жоғарыда айтып өттік. Осыдан келіп «антропология дегеніміз қандай ғылым?» деген орынды сұрақ туындайды. Ал, бұл сұрақтың жауабын берер болсақ, адамның шығу тегі мен даму эволюциясын, адам нәсілдерінің пайда болуы мен сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылымның – антропология деп аталатынына көз жеткіземіз. Яғни, антропология ғылымы адамның бет пішіні, түр-түсі мен дене құрылысындағы айырмашылықтарды бөліп қарастырады. Осындай айырмашылықтарға қарай а жер бетінде еуропалық , моңғолдық және негрлік болып үш нәсілге бөлінетінін естен шығармауымыз керек. Ал, антропологтар ежелгі дәуір адамдарының бет бейнесін өзара салыстыра келгенде біздің ата-бабаларымыздың алдымен еуропалық нәсілге жатқанын, кейіннен моңғол шапқыншылығы салдарынан болған этникалық өзгерістерге байланысты моңғолдық нәсілдің басым түскенін айғақтайды. Жоғарыда аталғандардан басқа тарихшылар өз зерттеулерінде нумизматика және геральдика ғылымының деректерін пайдаланады. Оның ішінде нумизматика теңгелерді, яғни ақша тарихын зерттесе, геральдика түрлі елтаңбалар мен мөрлерді зерттейтін тарих ғылымының қосалқы салалары болып табылады.
Объяснение:
Надеюсь правильно