snow8646
?>

ГМО мен ГМӨ туралы эссеЭссе про ГМО и ГМӨ

Казахский язык

Ответы

BirUlek215

Нақтырақ айтсақ ГМО – бір ағзаның геніне бөтен ағзаның генін енгізу арқылы пайда болады. Мысалы, шет елдерден тасымалданатын шие мен қытай қиярына шошқаның гені қосылады екен. Америка 1983 жылы биологиялық қару жасау барысында ең алғашқы гендік модификацияланған өсім­діктерді өндірген. Сосын, гендік модификация 1986 өсімдіктерді үсіп кетуден сақтау үшін пайдаланылған. Бұл ол кездері ғылымдағы үлкен жетістіктердің бірі болатын. 1992 жылы осы әдіспен Қытайда зиянкестер залал келтірмейтін темекі өндірілген. 1994 жылы тасымалдау кезінде бұзылмай сақталатын қызанақтар өндірілді. Содан бас­тап «ГМО мәдениеттің» дәурені жүре бас­тады. Оған себепші болған Американдық «Monsanto» фирмасы еді. 2006 жылы 22 елдің 10,3 млн. фермері 102 млн. гектар жерге ГМ-өсімдіктің сан түрін алған. Мәселен, осы жолмен өсірілген картоп, алма, мақта, жүгерілерге құрт мүлде түспеген. 2006 жылы 97% трансгендік өсімдіктерді АҚШ (53%), Аргентина (17%), Бразилия (11%), Канада (6%), Индия (4%), Қытай (3%), Парагвай (2%) және Оңтүстік Африкада (1%) өндірген. Бүгінде дүкен сөрелерінде тұрған тағамдардың құрамына ГМ-соя, ГМ-жүгері, ГМ-крахмал, ГМ-ақуыздың қосылатыны белгілі. «Monsanto» фирмасы өндірген ГМ-жүгері АҚШ нарығында көш бастап тұр. ГМО-ның араласпаған жері жоқ. Биологиялық және медициналық зерттеулерде, фармацевтикада, ауыл шаруа­шылығында, тамақ өндірісінде кеңінен қолданылып келеді.

Бүкіл Европаны ГМӨ-ге (генетикалық модикацияланған өнімдерге) байланысты зерттеулер дүр сілкіндірді. Француздық ғалымдар екі жыл бойы АҚШ-тан келген ГМӨ-га зерттеу жүргізген, қорытындысы –қорқынышты.

Зертеу барысында генетикалық өзгерілген жүгеріні жеген егеуқұйрықтардың терісінің астында бірнеше үлкен қатерлі ісіктер пайда болған. Тәжірибеге алынған кеміргіштердің 70%-ы өлген. Ресейлік ғалымдар да француздық әріптестерінің қорындыларымен келіседі. Олар тәжірибе жүргізген кеміргіштерде де ісіктер пайда болып, аузынан жүн өскен. Ал сол кеміргіштердің балалары әлсіз болып, дүниеге ұрпақ әкелу мүмкіндігінен айырылған. Алайда Кедендік одақтасымыз ГМӨ-ден бас тартар емес.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

ГМО мен ГМӨ туралы эссеЭссе про ГМО и ГМӨ
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

sv-opt0076
EkaterinaSEMENOV702
chuev4444
sakalrip
andreyshulgin835
Кочугурова
Arzieva Abdulmanov1438
Faed_Arakcheeva
Zeegofer
metegina4
Андрей Шитенкова
windless-el
Koshovkina1721
Владимировна Екатерина
Мәтінді оқы.түсінгеніңді айтып бер
ali13zakup5064