?>
«..Мен таяп келгенде шеттеу тұрған Есікбай сыбырлап қана: − Аян балалар үйіне кеткелі жатыр, - деді.− Қарағым, жолың болсын, - деді жыламсырап.-Жақсыдан қалғантұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол. Адам болсаң тауып келерсіңәлі...Аян балалардың бәрімен қол алысып қоштасты.− Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын, - деді күлімсіреп.Біз, балалар, Аянды көп уақытқа дейін еске алып, сөз қылушыедік.Шынында да бұл күндеАян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай балатірі болуы тиіс. Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді.Ал тірі болсаЖусанды төбеге бір оралмауы қалай?! Жусанныңиісін сағынбауы мүмкін емес қой>>
Ответы
Алматы - әсем қала
Менің онымен таныстығым анашымның айтқан әңгімелерінен басталған шығар. Бұрын Шымкент қаласында тұрған анам ыстық ауа райына үйреніп қалған болатын. Ал Алматының Шымкентке қарағанда суық екені рас. Алайда ол тамыз айындағы Алматының ауа райын көріп, қатты таңқалған. Сол сәтте бұл қаланың өзіне бірден ұнайтынын түсінген. Бұл қала оны әсем табиғатымен, биік тауларымен, гүлдерінің жұпар иісімен таңқалдырған. Ал мен Алматыны басқа қырынан көрдім десем де болады. Себебі, бұл менің туған қалам. Оны ешбір мекенмен салыстыра алмаймын.
Мен туған қаламды жақсы көремін. Бұл жерде көптеген көркем жерлер мен түрлі ескерткіштер, мұражайлар бар. Қаланың ең көркем жерлерінің бірі – Хамит Ерғали жағалауы. Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанынан ағып өтеді. Оның жанында кішкене балаларға арналған ойын алаңдары бар.
Ал Көк-Төбенің әсем табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оның биік нүктесінен Алматыны алақандағыдай көруге болады. Мұнымен қатар, Алматы қаласында “Мен қаламды шексіз сүйемін” атты жазуы бар автобустар жүреді.
Ауылға барып келген сайын қаламдағы өзгерістерді көріп қуанып қаламын. Күн сайын жаңа ғимараттар мен үйлер салынып жатады. Түрлі-түсті гүлдер көздің жауын алады.Мен бұл қаланы ерекше жақсы көремін.
Объяснение:
если не правильно сор