Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Берілген сөйлемдерге шылауларды дұрыс қолданып, сөйлемді толықтырып, жазыңдар. Бай мен кедей арасындағы бітімсіз аңдысқандық айтылды. Жамандауға келіп ... ең? -деп Тәкежан бастады. -Сөз -... екен! Мәкеннің кедейлеу ауылында жалғыз шешесі ... өзі тірлік еткен қоңырқай үйі бар- ... . Теңіз ... ауыр күрсінгендей, ... жалқау есінегендей болды. Оны дайындау ..., үлгілер мен құйма кезіндегі шығындарды есепке алғанда, 30 тонна қола жұмсалған. Осы тұрғанда оны қорғайтын қызылдарда «әскер» дейтіндей әскер де қалмаған- ... . Олардан ... кездескендер де бұларды жиі- жиі тоқтатып, әрқайсысы бір тексеріп зықысы кетті. Қолына қалам ұстаған әр азамат өз ана тілінің бай қорын игерумен ..., басқа, әсіресе, көрші ұлттар тілдерінің де асыл қазынасынан еркін сусындағаны, оны кәдеге жарата білгені абзал.
Қазақстанның қызыл кітабы.
"Адамның табиғатсыз күні жоқ,
табиғаттың оны айтар тілі жоқ" демекші,адамның іс-әрекетінің нәтижесінде табиғат үлкен зардаптар шегіп,көптеген ағза түрлері жойылуға жақын тұр,енді біреулері мүлде жойылып кеткен де.Ал сондай сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер кітабы – "Қызыл кітап" деп аталады.Неге қызыл түс? Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді "Қызыл кітап" деп атауды ұсынған екен.Қызыл кітап – сүйсініп оқитын кітап емес.Бұл кітаптың сырты қызыл болғанымен,іші қора.Олай дейтініміз, ішінде біздың табиғатымыздың ажырамас "бөлшектерінің" тізімі бар.
“Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады.Кітаптың бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі,екінші басылымында 129 түрі,ал үшіншісінде 125 түрі мен түр тармақтарының тізімі берілген екен."Қызыл кітаптың" еліміздің бүгіні мен болашағында алар орны зор.Ол біз секілді ел азаматтарын табиғатты қастерлеп,қорғауға үйрететіні сөзсіз.