?>
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларын орындаңыз.Күй - қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізген. Күй – қазақ халқының ең басты рухани байлығы. Күйді қазақтың екінші тілі десе де болады. Күй – махаббат, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы. Құрманғазы Сағырбайұлы – күй атасы, қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Ол Орал облысында туған. Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т. б. күйлерін шығарған. Күй анасы - Дина. Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова да Орал облысы, Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесі Кенже Динаны бала кезінен еркін өсірген. Ол 7-8 жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында ұстазы Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш, Көкбала және т. б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. 1888 жылы Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл», тағы басқа. (167 сөз)1. Мәтін не туралы?a) күй құдіретіb) атақты күйшілерc) танымал күйлерd) Дина Нүрпейісова [1]2. Дина Нүрпейісова күй атасы - Құрманғазымен неше жасында танысады?a) Бес b) Жетіc) Сегізd) Тоғыз [1]3. Сөйлемді өз сөзіңізбен жалғастырыңыз. Ойды қорытындылаңыз.Күй - қазақ халқының ұлттық өнері. [1]4. Ақпараттардың дұрыс/бұрыстығын анықтаңыз.a) Дина 5-6 жасында қолына домбыра ұстайды. b) Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ. [2]5. Мәтін бойынша мәліметтерді толықтырыңыз.Құрманғазының күйлері... [1]6. Құрманғазы Динаға домбырасын ұсынып не деді?a) «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. b) «Менің әндерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. c) «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа айт», - деп өз домбырасын ұсынған. d) «Менің күйлерімді орындап жүр», - деп өз домбырасын ұсынған. [1]2-тапсырма. Домбыра - тәуелдеп септеу (жалғауларды жазу, сұрақ жазу, аудару [3]3-тапсырма. Берілген жағдаяттардың бірін таңдап құттықтау хат жазыңыз.1) Домбыра күніне орай домырашы досыңызға ресми түрде құттықтау хат жолдаңыз.2) Наурыз мерекесіне орай сыныптың атынан сынып жетекшісіне ресми түрде құттықтау хат жолдаңыз. [10]
Ответы