Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-мәтін Төрт түлік мал –халқымыздың байлығы. Халқымыздың тарихы төрт түлік малмен тікелей байланысты. Қазақстанның мал шаруашылығының басты саласы. Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгеніміз жөн. «Ат-ердің қанаты» деп айтатын дана халқымыз жылқыны өте қастерлеген. Жылқы-мінсең көлік, жесең ет. Қазы-қарта, жал-жаясыз бірде-бір қазақ жанұясын біз көре алмаймыз. «Жоғалып табылған мал олжа, ауырып жазылған жан олжа» «Мал жуасы-қой, аң жуасы-қоян» деген халық.Жылқы-мал патшасы. Жылқы төрт түліктің бірі. Жылқы иесі -Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғар деп аталады. Жылқы сымбатты жануар. Мойнынан түскен жалыны жібектей сусылдайды.2-мәтінҚазақ халқы көшпелі жағдайда болды да, мал шаруашылығын кәсіп етті. Халықтың өмірі, тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малға байланысты болған.Ата-бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Төрт түлік мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін «төрт түлік» деп атаған. Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Әрі ас, әрі киімі, әрі көлігі. Асы күш-қуат береді, сусындарының емдік қасиеті болады. «Жоғалып табылған мал олжа, ауырып жазылған жан олжа» «Мал жуасы-қой, аң жуасы-қоян» деген халық. Түйе- төрт түлік малдың бірі, әрі киелісі. Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық- суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды. Оның сүтінен шұбат дайындалады. Ол сусын қазақ халқында ерекше орын алады. Түйе сүтінің емдік қасиеттері бар, бірнеше ауруға ем. Терісінен аяқ киім, жүнінен жылы киімдер тоқиды, көрпеге салады. Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында түйе шаруашылығымен айналысады. Ол қырық күн шөлге шыдайтын жануар.жылқы малы. «Ат-ердің қанаты» деп айтатын дана халқымыз жылқыны өте қастерлеген. Жылқы-мінсең көлік, жесең ет. ... Қой –төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі. «Қойдың сүті- қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол- ақ. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген.1-тапсырма. Мәтінді оқып, талдау жасаңдар ( ) 1-мәтін 2-мәтінМәтіннің тақырыбы Мәтіннің идеясы Мәтіннің негізгі ойы Мақсатты аудиториясы Мәтіннің тірек сөздері Екі мәтінге ортақ мәлімет
морфологиялық сипаттары
морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.
дара етісітіктер
дара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа
жіктеледі. дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, , сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. б.
түбір етістіктер
түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ
деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. мысалы: аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай,
шаш т. б.
бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи отырғандықтан, олардың қатары да бірте-бірте толығып, көбейіп отырған, сол себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ замандар бойы, туынды сөз есебінде жұмсала-жұмсала келіп, бірте-бірте түбірі мен жұрнағын
ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер бар. мысалы, жоғарыдағы етістіктердің ішінен: айт (ай+т), алда (ал+да), байла (бау+ла), бақырай (бақ+ырай), жыла (йығ+ла), баста (бас+та), жорт (жоры+т) дегендерді, сондай-ақ тоқта (тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра), болыс (бол+ыс), сөйле (сөз+ле), тула (ту+ла),
шегін (шек+ін), шегер (шек+ер) т. т. тәрізді қазіргі шақта түбір саналып жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелгі түбір сөздер мен жұрнақтардан кейбіреулері деформаланбай-ақ, кейбіреулері деформаланып бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен.
туынды етістіктер
туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а,
мін+е, мол+ай, ес+ей.
есім негізді етістіктер
есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады.
есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар:
-ла (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнағы;
-лан (-лен, -дан, -ден, -тан, -тен) жұрнағы;
-лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы;
-лат (-лет, -дат, -дет) жұрнағы;
-а (-е) жұрнағы;
-ай (-ей,
-й) жұрнағы;
-қар (-ғар, -кер, -гер) жұрнағы;
-ар (-ер, -р) жұрнағы;
-ал (-әл, -ыл, -іл, -л) жұрнағы;
-ық (ік) жұрнағы;
-сы (-сі) және -ымсы (-імсі) жұрнақтары;
-сын (-сін) жұрнағы;
-сыра (-сіре) жұрнағы;
-ра (-ре, -ыра, -іре) жұрнағы;
-ырай (-ірей) жұрнағы;
тек белгілі бір есімдерден, кейбіреулері тек санаулы ғана есімдер мен етістіктерден туынды етістік жасайтын әрі көне, әрі маңдымсыз жұрнақтар бар. оларға мыналар жатады:
-ы, -і (бай-ы, жас-ы, жан-ы, желп-і, кең-і, келк-і, тарп-ы т. б.)
-шы, -ші
-ан, -ен, -ын, -ін, -н
-ырқа, -ірке
-ырқан, -іркен
-ына, -іне
-қа, -ке, -ға, -ге
-ди, -тый, -ти