Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін бойынша фактілер мен көзқарастарды жазыңыз.ГМО - бұл гендік кодына бөтен гендер «жабыстырылған» ағзалар болып табылады.Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян генін қосу нәтижесінде біз ешқандай жәндікжемейтін картоп түрін аламыз. Немесе күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оғансолтүстік камбаласының генін пайдаланған. Енді ол аязға төзімді, үсімейді. Бұл бізге неүшін қажет? Ғалымдар аштықтың алдын алудың жолы осы деп шешті м е? Айтып өткенкартоп өнімі колорадо қоңызынан зардап шекпейді, помидорды солтүстіктің аязында даөсіруге болады. Сонымен бірге, бір пішінді бірақ дәмсіз алмалар әбден шіріп біткеншекеремет иіс береді. Қазір байқап қарасақ, сатылатын жемістер сондай әдемі, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді. Ыңғайлы! Күріш геніне астық тұқымдастарында ешқашан болмаған А витаминін өндіретін генді қосуға болады. Сонымен ғалымдар дақылдардыңөнімділігін арттыру үшін олар зиянкестерге төзімді болу үшін аз уақыттың ішінде жаңасорттар шығаруда. Ең кең таралған гендік модификацияланған дақылдарға - соя жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп жатады.ГМО - қауіптілігі гендердің орналасуымен байланысты. Гендердің өзгеріске ұшырауынан белгісіз улы заттар түзіліп, адам мен жануарларда аллергия тудыруы мүмкін. Генді орналастыру үшін транспозон вирусын немесе плазмиданы қолданады. Олар ағза жасушасына еніп, жасуша ресурсын өзінің гендік тізбегін нөмірлерін құруға пайдаланады.Факт — танылған, түсіндірілген, қабылданған (адам санасына бағынышсыз) тұрақты объективті шындық болып, оны дәлел-уәждер арқылы растауға болады. Мысалы, "сөйлем сөзден құралады" деген тілдік факт; "күн де жұлдыз" дегеніміз космологиялық факт. Ары қарай, "Қорқыт ата түркі халықтарының рухани ұстазы" дегеніміз тарихи, мәдени факт. Осынау сөйлемдердің растығын түрлі нақты әрі шын оқиғалармен, істермен дәлелдеуге болады. Олар әрі сөзсіздікке ие, әрі түсіндіру қажеттілігіне ие.Көзқарас - 3. Пікір, ой, ұғым.Меніңше, менің пікірімше, мен осылайша ойлаймын, оның пікірінше, сіздің көзқарасыңыз бойынша, мүмкін, тәрізді, сияқты т. б. сөздер, сұраулы сөйлемдер , арқылы ой айтылады немесе жазылады.Мәтіндегі фактілер Мәтіндегі көзқарастар
Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова, Кеңес Одағының Батыры.
Әлия Ақтөбе облысы Хобда ауданы Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15-ші маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болды. Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында екі баласы ұлы Бағдат және қызы Әлия қалды. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікенге беруге мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған, немересін өте жақсы көрген, оған адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты үйреткен. Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейді. Үй- іші Әлияні өте жақсы көрді. Әубәкірдің әйелі Сән қыздарға көп нәрсені үйретті, оған қыздар үй жұмысында көмектесті, кішкентай бауырларын тәрбиелеп, бақты. Өз құрдастарына қарағанда Әлияның мінезі қисық қатал болатын.
1933 жылы Молдағұловтар отбасы Шалқардан Жамбылға, ол кезде Әулиеата деген кішкентай станцияға көшіп барды. Нағашысы Түркістан –Сібір теміржолының үшінші эксплуатациялық ауданы саяси бөлімінің инструкторы болып қызмет істеді. Үйлері теміржол вокзалының жанында болды. Үйдің жанындағы теміржол мектебіне бірінші сыныбында оқыды.