?>
1-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді тауып, шырай түріне қойып қолданыңыз. Бір бай ұлын шақырып алып:- Ұлым, мен көз жұмған соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, деп, өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындайбастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасынбітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз жүріп, бірүйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адамжанына отырады да жігітке: - Неғып отырсың? - дейді. Жігіт: - Жәй отырмын, - депжауап береді. Шал: - Шыныңды айт! - деп қыса бастайды. Жігіт еш нәрсе айтпайды.Шал: - Сырынды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, - дейді. Жігіт: - Меніңатам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедейболдым, - дейді. Шал: - Қандай өсиет айтып еді? - дейді. Жігіт: - Әуелгі өсиеті: «Менөлген соң жұма сайын қыз ал», - деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайынқыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», деп еді. Мен қала сайын үй салдым.Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», - деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні балжедім. Солай етіп, үш жылда барлық акшам таусылды, - дейді. Шал тұрып жігітке:Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің. Өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал»»дегені:«Әйеліңмен сыйлас бол. қадірінді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің»дегені. «Қала сайын үй сал» дегені: «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін»- дегені еді. «Ас ішсең бал же» дегені: «Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті болады»дегені еді, - деп, қарт өз жөніне кетіпті. Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетіне сондағана түсініпті.Сын есімдерШырай түрі
Ответы
Мен үшін барлық кітап қызықты, әрбір кейіпкер ұнамды. Бірақ солардың ішінде өзім ерекше қадір тұтатын, қастерлеп, үлгі ететін бір кейіпкерім бар. Құпия емес, сондықтан сіздермен бөлісе отырайын. Ол — Тайлан батыр. Кәдімгі еліміздің қайсар ұлдарының, қарымды жазушыларының бірі Әбіш Кекілбаев қаламынан туған «Үркер» романындағы қазақтың дара хандарының бірі Әбілқайыр ханның досы.
Көкейлеріңізде «Не үшін ұнайды екен?» деген сауал тұрған шығар, әрине, бұл орынды сұрақ. Себебін де айта отырайын, маған Тайлан батыр өз ұстамдылығымен, ақылды, парасаттылығымен, қайсар, ер жүректілігімен ұнамды. Қандай болмасын, қысылтаяң шақта өзіне ғана тән ерекшелігімен ақыл-айла тауып, елі үшін, жері үшін басын бәйгеге, бағын таласқа тігіп, ұрандатып жауға шапқан батыр, асқар тау әкесінен, аяулы жарынан, сүйкімді ұлынан айрылса да, өмірден баз кешіп түңілмей, керісінше, жігерленіп, досына тіреніш болып, жауға ел намысын, ұлт ұятын бермей жалғыз өзі бір бүйірден ұрандай тиіп, апшыларын қуырады. Міне, бұл нағыз ерлердің ісі. Бойында қазақ қаны бар ер жігітті жігерлендіретін іс. Міне, сол үшін де маған Тайлан батыр ұнамды.