Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Амансың ба, қасиетті далам! — Аманшылық. Келдің бе, Толғанай? Былтырғы қалпың жоқ, қартайып, тозып кетіпсің! Шашың қудай аппақ, қолыңда таяқ.— Өмір зымырап өтіп бара жатқан жоқ па, Жер-Ана?! Бүгін — менің мі-нажат ететін күнім.— Білемін. Келеріңді білдім, Толғанай. Сен сол күні «бақыт» дегендітүсініп, сыр шерткенсің. Айта бер, Толғанай!— Қазір айтамын. Сол күндер ертегі секілді.Орақшылар іске кірісті. Балам Қасымның комбайны бидайды жапырыпжатыр. Қасым бидайды иіскеді. Жарықтық дәннің иісі қандай! Кешке қарайжаңа бидайдың наны дайын болды. Жаңа нанды ең бірінші орақшыларжеді. Бұл — бұрыннан келе жатқан дәстүр. Жаңа бидайдың нанының дәміқасиетті. Түсі қоңыр. Нан сәл езіліп, қолға жабысып тұр. Оның дәміне, күн, жер, түтін сіңген иісіне не жетсін, шіркін!Қасым комбайнды тоқтатып, қолын жуды.Дастарқанға отырып, нан турады:— Ып-ыстық екен. Ал, апа, жаңа бидайдың нанынан бірінші болып дәмтатыңыз, — деді.Мен нанның дәмін таттым. Наннан комбайншының қолының иісін сездім.Ондай тәтті нан жеп көрген емеспін.Өйткені ол нанды ұлымның бейнеткер қолы турап берген. Ол нан — елдіңөндірген наны еді. Осы сәтте мен «ана» деген кім, «оның бақыты» не екенінбілдім. Бидайдың өнуі сабағы мен жерге байланысты. Ал ананың бақытыбаласы мен елінің бақытына байланысты екен. Мен соны түсіндім.
Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден - ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Күлтегін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым…
Түркі иелігінен
айырылған халықты
Ата - баба мекеніне орнатты… - делінген еді.
Бұл жазбадан патриотизмнің – ата - баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау, жиғанын халықтан аямау екендігін аңғаруға болады. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.