Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1. Мәтінді зейін қойып оқып, мәтіннен етістерді табыңыз Былғары қолғап шебері Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің санын 40-тан 600-ге дейін өсірткізген. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті . 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып , коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.
1. Интернет қызметі дегеніміз - әлемнің түкпір түкпіріндегі адамдар мен мәліметтерді байланыстыратын желі.
2. Соңғы жылдары Интернет өмірімізге мықтап енгені сонша, қазір онсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу, балабақша ақысын төлеу, білім беру қызметтері, пойыз/ұшақ/автобус билеттерін сатып алу, концерт, көрме, бізден мыңдаған шақырым жерде орналасқан көрікті жерлерге виртуалды экскурсиялар ... Бұл тізімді ұзақ жалғастыра беруге болады. Ғаламтор өміріміздің барлық саласына еніп, бізді өзіне тәуелді етті десек те болады. Интернет арқылы кәсіпорындар тауарларын жарнамалайды, дәрігерлер әріптестерімен, оқытушылар мұғалімдермен онлайн-консультациялар ұйымдастырып, вебинарлар өткізеді. Тіпті БАҚ өз сайттарын құрып, сол жерде жаңалықтар жариялайды. Әрине, ғаламтордың арқасында сіз тек қоңырау шалып қана қоймай, сонымен бірге ғаламшардың басқа жағындағы туыстарыңыз бен достарыңызды көре аласыз, оларға жеделхат немесе бейне құттықтаулар жібере аласыз, қашықтан оқып, білім аласыз ...
3. Интернет желісіне қосылу үшін модем қажет.
4. Электронды пошта дегеніміз - ғаламтор беттеріндегі қызмет түрі. Электронды пошта арқылы достар мен туыстармен хат немесе түрлі бейне файлдар алмасып, хабарласып тұруға болады.
5. WWW дегеніміз ағылшын тілінде World Wide Web — компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.