?>
3. Төмендегі мәліметтерді оқып, сұрақтар құрастыр. Гендік инженериядағы тұңғыш тәжірибені 1972 жылы америкалық биохимик П. Берг іске асырды. 1978 жылы гендік-инженерия саласында инсулин жасалды. 1978 жылы Англияда бірінші пробиркадағы адам Луиза Браун дүниеге келді. 1985 жылдың 4 қаңтарында Лондон қаласының клиникасында миссис Коттон бірінші суррогат ана атанды. 1986 жылы В гепатиті мен көптеген вирустық ауруға қарсы гендік-инженериялық вакцина және гендік инженериялық интерферон жасалды. 1990 жылы адамның генетикалық картасын құрастыру үшін халықаралық жоба бастау алды. 1993 жылы генетикалық өзгертілген өнімдерді дүкен сөрелерінде сатуға рұқсат берілді. 1993 жылы К. Мюллис ПТР әдісін ойлап тапқаны үшін, Нобель сыйлығының лауреаты атанды. 1997 жылы Я. Вилмут пен К. Кэмпбелл Эдинбург қаласының Рослин институтында жануар эмбрионынан Долли саулығын клондады.
Ответы
Наурыз мерекесі жақындаған сайын әрбір отбасы Наурыз көже жасауды міндетім деп санайды. Тіпті білмейтін жас жеңгелеріміз үлкен адамдардан ақыл-кеңес сұрап, Наурыз көжеге не қосу керектігін саралап жатады.
Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.