?>
Ауыз әдебиеті – талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген. Онда халықтың ғасыралр бойы басынан кешірген тарихи оқиғалары, ерлік, батырлық, махаббат туралы ойлары, салт-дәстүрі жырланады. Халық ауыз әдебиетінің өлең-жыр, ертегі, мақал мәтелдері, лиро-эпостық жырларында қарапайым адамдардың, еңбек адамдарының жасампаз күшіне, ақыл-парасатпен сенген, соларды мадақтаған.Сондықтан, ауыз әдебиетіндегі бұқара өкілдері тек жақсы жағынан ғана суреттеледі, олар тамаша қасиеттері арқылы оқушыны өзіне еліктіре біледі.Халық ауыз әдебиеті әр салада, әр түрлі жанрда дамыған. Тұрмыс-салт жырларынан бастап, эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлық өрісін танытады. Тұрмыс-салт әдебиетінің негізгі түрлері:• тұрмыс салт жырлары;• мақал-мәтелдер мен жұмбақтар;• лиро-эпостық жырлар;• айтыс өлеңдері;• тарихи жырлар, шешендік сөздер.Лиро-эпостық жырлар- ауыз әдебиетінің мол әрі рухани қазынасы. Ғашықтық туралы жырларда тек екі жастың арасындағы махаббат, сүйіспеншілік қана айтылмайды, сонымен бірге халықтың тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік, тұрмыстық жағдайлары, әдет-ғұрпы, өмірге деген көзқарасы да жырланады. Эпостық жырларда халық өз батырларының ерліктері жайында жырласа, сүйіспеншілік, махаббат туралы туралы жырларда арманына жете алмаған екі жастың махаббаты, ішкі сезімдері, қарапайым адамдардың тұрмысы-тіршілігі бейнеленеді. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», және тағы басқа туындылар лиро-эпостық жырларға жатады.Халық ауыз әдебиеті қандай мұра? ( )Халық ауыз әдебиетінің түрлерін атаңыз. ( )Халық ауыз әдебиеті нені жырлайды? ( )Лиро-эпостық жырдың батырлар жырынан айырмашылығы неде? ( ) Ғашықтық туралы жырлардың тақырыбы қандай? ( )Ғашықтық туралы жырлардың кейіпкері кімдер? ( )Жазылым тапсырмасы. 1. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, «Отбасындағы қыз бала мен ер бала тәрбиесі» тақырыбына мәтін құрастырыңыз. ( )Абыройлы әке, тәрбиелеген, мән берген, шаңырақ иесі, кенже ұл, қамқоршы, құрметтеген, абыройын жоғары бағалаған, болашақ ана, ұрпақ жалғастырушы, инабатты, сымбатын сақтау.2. Мақал-мәтелдерді толықтырыңыз. ( )Атаның баласы , а Ер жігіт елі үшін , елі үшін Қызға үйден тыю.Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс .
Ответы