?>
ТАПСЫРМА No1 ТАПСЫРМАНың мәтiІНІА-мәтіні Есімдіктерді теріп жазып, қандай есімдіктің түрі екенін анықтап жаз..Біреудің сөзі әдемі, Біреудің кезі әдемі.Сен бұтаны көтерсең.Сені бұта кетерер.Әркімдікі өзіне, Ай көрінер өзіне.жаман еш нәрсе біле алмайды, Жұмсасаң тіл алмайды, Өзі біліп пайдасын қыла алмайды.Көкек өз атын өзі шақырадыӨлімнен басқаның ертесі жақсы.Біз де кісі болармыз, Атқа кісен салармызКімнің отын оттасаңСоның суын ішерс отинем алла разылыгы ушин
Ответы
Объяснение:
Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты жазылған тарихи зерттеулер мен әдебиеттердің бәрінде хандықтың негізін салушылар – Керей мен Жәнібек хандар деп айтылатыны белгілі. Дерек мәліметтерінде көрсетілгендей, «олардың Әбілқайыр ханнан бөлініп, Жетісудағы Моғолстан атты хандыққа келуімен Қазақ хандығы құрылды» деген пікірді зерттеушілердің бәрі мойындайды. XIX ғасырдың ортасында айтылған бұл пікір қазіргі күндерге дейін тек даму үстінде болды. Бірақ та осы саяси үрдісте жетекші рөл атқарған тұлғалар – Керей мен Жәнібек хандар туралы зерттеулер толық жүргізілмей, олар туралы біліміміз тек дерек мәліметі деңгейінде қала берді. Оған себеп – деректік мәліметтердің мардымсыздығы. Қазіргі күнде заман талабы өзгеріп, өз тарихымызға қайта үңілгенде, алғашқы хандарымыздың тарихын, олардың атқарған рөлін көрсетуге осы себеп қолбайлау болады да тұрады. Мардымсыз деген – тіпті жоқ деген емес, аздау, бірен-саран деген мағынада. Олай болса, қолда бар деректерге сүйеніп, ұлттық мемлекетіміздің іргетасын қалаушылардың ел тарихындағы алатын орнын неге ашып көрсетпейміз?! Керей мен Жәнібек хандарға тағдыр жаңа этникалық бірлестікке негізделген мемлекетті құру және оны басқару үлесін берді.