?>
Қиял дегеніміз адамның қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың бейнесін ойда қайта жаңғыртып, өңдеу, ойша өзгерту, шындыққа өз жанынан басқа бір жаңа ойқосып, көзге елестету. Қиял – тек адамға ғана тән қасиет. Адамда қиял пайда болған кездеми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар өзгеріске ұшырап, жаңа нәрселердіңбейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды ойша қайта жасап, өңдеу кезіндеадамның ішкі ойы шешуші рөл атқарады.Әр адамның қиялы әртүрлі болады. Ол адамның жасына, өмірден көргенбілгеніне, мақсаты мен қызығушылығына байланысты. Қиял шындыққа жақын болса, олШығармашылыққа оң әсер етеді. Ал, мүмкін емес нәрсені қиялдаған адамның ойыайналасындағылар үшін күлкілі болып көрінуі мүмкін. Бірақ қиял қалай да адамның ойындамытып, оны алға жетелейтінін жоққа шығаруға болмайды.Қиял адам бойындағы ерік-жігерді де тәрбиелейді. Қиялы мен арманы сай келгенбала өскенде мықты, ортасында сыйлы азамат болады. Өйткені қиял арқылы алдағы ісініңнәтижесін , өмір жолын дұрыс болжап, көре алады.
Ответы