Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Оқылым. Мәтінді оқып шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.Алғаш рет жануарларды қорғау 1948 жылы қолға алынды. Комиссия төрағасы Питер Скотт «Қызыл кітап» -деп атау ұсынып, 1963 жылы жарыққа шығарды. «Қызыл кітаптың» ішінде «Қара кітап» та болады. Оның ішінде мүлдем жойылып кеткен жануарлар мен өсімдіктер тіркеледі. Кітапқа алғашқы енген жануар- қасқыр. Бұл Жарлық Германияда қабылданды. Қазақ халқының ұғымында зиянкесті жануар қасқырдың табиғатта алған орны ерекше. Қазақстанның Қызыл кітабы – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. Қазақстанның қызыл кітабына сүтқоректілер мен қосмекенділердің бірнеше түрі енген. Сүтқоректілерге елік, бұлан, құлан, сілеусін, жолбарыс жатады. Бұлан бұғылардың ең ірі түрі. Түсі қыста қоңыр, жазда қоңырқай болады, басы мен аяғы ақшылдау. Қазақстанның Жайық пен Ертіс маңында, Алтайда кездеседі. Аталықтарының үлкен күрек тәрізді мүйіздері болады, аналықтарында мүйіз болмайды. Жазда шөптен, қыста бұтақ, ағаш қабықтары, бұталармен қоректенеді. Бұландардың саны аса көп емес. Бұланның мүйізі өте бағалы. Шипалық қасиеті бар. Ол қолға үйретіледі.
--Мен кеше концертке бардым.Концертте әншілер ән айтты,
--Әншілер әндерін қалай айтты.?
--Әншілер әндерін жақсы айтты.
--Саят, сен ,ертең үйде боласың ба?
--Марат, мен ертең ауылға барамын, Ауылда менің атам мен әжем тұрады.
--Сенің атаңнын ауылы қайда орналасқан?
--Менің атамның ауылы қаладан алыста орналасқан.
--Ауылда саған ұнайма?
--Маған ауылда ұнайды Ауылда менің достарым көп.Олар, Асан, Әйгерім, Ердос. Асан -нағыз адал дос. Әйгерім -өте сыпайы қыз.Ердос-аса дарынды оқушы.
--Саят, сенімен бірге ауылға баруға бола ма?
--Жарайды, бірге барайық.
--Ендеше таңертең ерте аялдамада кездесейік.Сен дәл уақытында кел.
--Сен де тез кел.