?>
3-тапсырма. Етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райды қолданып, «Қазақ халқы - өнерсүйгіш халық» тақырыпқа байланысты 4-5 сөйлем құрастыр/ Используя времена глагола и глагол желательного наклонения, составь 4-5 предложений на тему «Қазақ халқы - өнерсүйгіш халық». ТЕКСТ Қазақ халқы - өнерсүйгіш халық.Оның музыкалық мәдениеті өте бай.Халқымыз ақын, әнші, сазгерлерді ерекше құрметтеген. Біржан сал, Үкілі Ыбырай қазақтың классикалық әндерінің негізін қалаған. Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту жақсы дамыған. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының арасынан көптеген әнші- композиторлар, жырау-жыршылар, ақын-күйшілер шыққан. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір, және т.б. Қазақ халықының ән-музыка мәдениетінің дамуына Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Жамбыл, Әміре сияқты ұлы тұлғалар үлес қосқан. Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып, «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні» сияқты жинақтар жариялаған. Қазір әндердің көпшілігі домбыраның сүйемелдеуімен орындалады. Қазір әндері татулық пен бірлікті, байсалды мінезді, ақылдықты насихаттайды.Қазақ халықының кең тараған халық әндері: «Дудуар ай», «Гүлдерайым», «Бір бала» және тағы басқалар. Халық күйлері – халықтың тұрмысын, салт дәстүрін, адамның тағдырын баяндайды.Халық күйлері ұрпақтан ұрпаққа жеткен.Сондықтан олардың авторлары ұмытылып, халықтың күйі деп атаған.
Ответы
ответ: ҒАЗИЗА ҚЫНУАРБЕКҚЫЗЫ
ИМАНАЛИЕВА
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ
ЭМОЦИОНАЛДЫ
ҚҰРЫЛЫМДАР
Алматы 2011
ымына (тамағына) ашу тығылу,
араз болу, ашуға міну (булығу, тығылу), әйелі ұл тапқандай қуану,
басына қайғы түсу, боз інгендей боздау (зарлау, еңіреу), бор боп
(бордай) егілу, ботадай боздау, еңірегенде етегі толу, зарлап қалу
27
сияқты тіркестерді топтастырады. Аталған тіркестердегі эмоционалдық фразеологизм құрамындағы көз жасы, ашу, араз, қуану, қайғы,
зарлау, боздау, еңіреу, егілу сөздерінің тірек мағынаға ие болуынан
байқалады. Бұл жөнінде: «2. Эмоционалдық фразеологиялық тіркес
құрамына еніп тұрған жекелеген лексикалық бірліктердің семантикасынан-ақ көрініп тұрады», – деп түйіндейді [23, 56]. Үшінші негізге
қатысты: «3. ФТ мағынасына эмоциялық бояу үстеуге фразеологизм
құрамына, тілдің эволюциялық жолмен дамып, өрбіген, соның негізінде туындаған, символдық мәнге ие сөздердің енуі де себепші болады.
Бұл жерде нақтылай кететін фактор, сөздің жаңа мағынаға ие болуы
емес, оның белгілі бір ситуацияда немесе контексте жаңа қолданысқа
түсуі. Әдетте нақты денотаттың қолданылу үрдісі әр халықта әр түрлі.
Мәселен, қазақ халқы адам болмысындағы қатты қиналысты жан, қан,
жүрек сияқты символ сөздер арқылы береді», – деп жазады [23, 57].
Бұл жердегі автор пікірі қазақ тіліндегі жанын жегідей жеу, жаны
көзіне көріну, жан алқымға келу; жүрегі қарс айрылу, жүрегі аузына
тығылу, жүрегі өрт (от) боп жану; қан жұту, қанына қараю сияқты
тіркестермен дәлелденеді.
Эмоционалдылық мәселесіне қатысты орыс және қазақ тіл біліміндегі жинақталған теория кез келген эмоцияның астарында бағалауыштық сипат жататындығын дәлелдеп отыр. Сондықтан эмоционалдылықтың лингвистикалық категориясы тілдің бағалауыштық, қарқындылық, бейнелілік, экспрессивтілік сияқты категорияларымен байланысты қарастырылады. Автор эмоцияны бейнелейтін фразеологизмдердің семантикалық ерекшеліктерін синонимдік қатардағы фразеологизм қарқындылығының басқышты (градациялы) болып келуімен,
мағынаның қосымша реңкімен, стильдік ерекшелігімен байланыстыра
қарастырады. Автордың пікірінше эмоциялық толғанысты бейнелейтін
фразеологизмдердің қарқындылық деңгейі эмоциялық күйдің құбылмалы болуын бейнелейтін фразеологизмдерге қарағанда жоғары.
Стилистика тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктерін,
қолданылу заңдылықтарын қарастырады. Стилистикада тілдің барлық
деңгейіндегі құралдар жұмсалады. Көп жанрлы көркем әдебиет туындыларындағы, публицистикалық материалдардағы, әр сала бойынша
жазылып жатқан ғылыми еңбектердегі, ресми құжаттардағы, ауызекі
сөйлеу тіліндегі тілдік құралдардың қолданылу ерекшеліктерін
зерттеудің маңызы зор. С.Б. Қоянбекованың докторлық диссертациясында экспрессивтіліктің тілдік құралдар арқылы берілу мәселесі сөз
болады.
Аталған зерттеулерден қазақ тіл білімінде эмоционалдылық
мәселесін лексикалық және стилисти