peshnoshamon
?>

Шығармадағы оқиғаларды сюжеттер желісімен орналастырыңыз. Оқиғалар Реті Өле-өлгенше бұл дүниеден шешесін мың бейнеден іздесе де мәңгі бақи таба алмай, арманда өтетін шығар… Иә, Манап Симбатович секілді ағам бар деген ой, әрине, Қалидың үш ұйықтаса түсіне кірген емес. Қали костюмге көз қиығын немқұрайды тастады да, миығынан күлімсіреді. Алыстағы ағаң жыл он екі айда бір рет келеді. Орындық арқалығын желкесіне жастап, басын артқа тастап жіберді де, көзін жұмды. Ауыл есіңде ме? Көкем, мен… Қалғұты… тау, қалың орман есіңде шығар? Хат жазамын. Келер жылы жазда келемін... Мереке қарсаңында жасөспірім боксшылардың қалалық біріншілігі өтеді. 2-тапсырма Әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақ Жауап Қали Манап әкелген костюмді неге киіп көрмеді? Қали балалар үйінде немен айналысады? Манап неліктен Қалиды балалар үйіне тапсырған еді

Казахский язык

Ответы

Станиславовна196

Арқалық... өз уақытында 50 мың халқы бар, 50 жылдық тарихы бар, шағын болса да, әдемі әсем қалалардың бірі еді. Алайда, сонау қиын-қыстау кезеңді көтере алмаған жұрт сыртқа ағылып, соның салдарынан біршама мөлтек аудан қаңырап бос қалып, соңы бірінші қабатынан аспан көрінетін қирандыларға айнала бастады. Тек қаланың әйтеуір бір қалмасына сенімді тұрғындар ғана өз орындарын суытпай, қаңырап бос қалған үйлерде қала берді. Біз де сол тұрғындардың қатарында болатынбыз. Мөлтек ауданымыз бос қалуға қалған шағында, тәуір деген қала орталығына көштік. Сол үйімізде әлі күнге дейін тұрып келе жатырмыз. Бірақ, «Жыртық үйдің Құдайы бар» демекші, Елбасымыз Қазақстанымыздың экономикасын алға шығарып, тынымсыз еңбек етуінің арқасында, біздің қала ұмтылған қалалардан ауылы алыстай бастады. Жұрт – жылу, жарықты жылдар бойы көрмей, қиын-қыстауға көніп, қала жағдайы түзеле бастаған шағында, ұйқысынан оянған баладай күй кешті. Бірақ, жылдар бойы «ұйқыға» кеткен қаламыз оянып, адамдарға жаңадан жұмыс орындары табылып, бірнеше үйлер мен жатақханалар, балабақшалар салына бастады. Адамдар бұрын бір күнін ғана ойлайтын жағдайда болса, енді міне болашағын ойлайтын жағдайда. Мен бұларды бір кітаптан көшіріп жазып алған дүниелер емес, бала болсам да есімдегі күндер, ата-анамның қыстан бізді қалай болса да ашықтырмай, тоңдырмай алып шығамыз деген ойлары басым болғанын көрген соң жазылып отырған дүниелер. Халыққа жұмыс болмай, құр нан мен қара шаймен отырған күндеріміз де қаншама. Бірақ, мұндай қиындықтардың өзі де бір сабақ сияқты, төзімділік пен сабырлыққа үйретеді. Қаланың қазіргі жағдайы мен, қала халқының көңіл-күйі қазіргі кезде алайда мұндай емес. Басқа қалаға жан сауғалап кеткен жастар мен адамдар қалаға қайта оралып, өз туған қаласына еңбек етуде. Қайда барсаңда адамдардың көңілі жайдарлы, өзіңе бір қуаныш ұялатқандай. Қаламыз күннен-күнге алға жылжуда. Қала орталығы да, шеті де құрылыс үстінде. Саябақтарда ағаштар отырғызылып, жастар дем алатын орындар пайда болуда. Қала көшелері де тазарып, гүлзарлар күтулі, қарай берсең – көз тоймас, жаза берсең – сөз жетпес. Әрине, басқа әсем қалаға жете алмас, алайда өз туған қалам бәрінен де көрікті, бәрінен де ыстық болып тұрады. Жазғы демалыста басқа қалаға барып қыдырып қайтамын, бірақ өз қалама жеткенше асығамын. Қазіргі қаламыз мүлде басқа қала, әсем де көрікті қала!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Шығармадағы оқиғаларды сюжеттер желісімен орналастырыңыз. Оқиғалар Реті Өле-өлгенше бұл дүниеден шешесін мың бейнеден іздесе де мәңгі бақи таба алмай, арманда өтетін шығар… Иә, Манап Симбатович секілді ағам бар деген ой, әрине, Қалидың үш ұйықтаса түсіне кірген емес. Қали костюмге көз қиығын немқұрайды тастады да, миығынан күлімсіреді. Алыстағы ағаң жыл он екі айда бір рет келеді. Орындық арқалығын желкесіне жастап, басын артқа тастап жіберді де, көзін жұмды. Ауыл есіңде ме? Көкем, мен… Қалғұты… тау, қалың орман есіңде шығар? Хат жазамын. Келер жылы жазда келемін... Мереке қарсаңында жасөспірім боксшылардың қалалық біріншілігі өтеді. 2-тапсырма Әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақ Жауап Қали Манап әкелген костюмді неге киіп көрмеді? Қали балалар үйінде немен айналысады? Манап неліктен Қалиды балалар үйіне тапсырған еді
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

svetrusval
peresvetoff100015
Grigorev_Nikita794
lagutkins
zakupka-marion
kulikovtsud
ldstroy
shangina1997507
andreokiseleo69421
Ольга тимур
михаил
АлександрАнатолий
АнтонАртем
Рудаков Бахтовар
НиканоровСалиев675