Tatgri
?>

Мәтін бойынша 3 сұраулы сөйлем құрастырып жаз. Составьте и запишите 3 вопросительных предложении по тексту. 1. 1 б2. 1б3. 163. Жазылым.«Менің болашақ мамандығым" тақырыбында диалогқұрастырыңыз. (8- 10 сөйлем Составьте диалог на тему: «Менің болашақ мамандығым». 8-10(предложений)Сөздер мен сөз тіркестері: Болашақ мамандықтар, білікті, арманда, дінтанушы, таңдау, қызықты, пайдалы. ( ) у меня сор ​

Казахский язык

Ответы

Мечиславович_Кварацхелия1988
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.

Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.

Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!

Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мәтін бойынша 3 сұраулы сөйлем құрастырып жаз. Составьте и запишите 3 вопросительных предложении по тексту. 1. 1 б2. 1б3. 163. Жазылым.«Менің болашақ мамандығым" тақырыбында диалогқұрастырыңыз. (8- 10 сөйлем Составьте диалог на тему: «Менің болашақ мамандығым». 8-10(предложений)Сөздер мен сөз тіркестері: Болашақ мамандықтар, білікті, арманда, дінтанушы, таңдау, қызықты, пайдалы. ( ) у меня сор ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

АлександрАлина
lanabogd
sakh2010kprf7
zuzman601
appmicom
Наталья_Васищев
Владимир
Юлия-Ольга1313
Сергеевич1396
bergamon
Rufilya-Belov
lanac3po
ольга1801
forwandy42
ganul