Стародубцева_Васильевич485
?>
3.Мәтін ішінен етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын жаз Вот текст Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов-қырғыз халқының ұлы жазушысы.Ол 1928 жылы туған.Қазақ жазушысы –Мұхтар Әуезов: «Орта Азия мен Қазақстанда Шыңғысқа тең келер қаламгер жоқ.Шыңғыс-қазақ , қырғыз халықтарының ортақ перзенті», -деген еді. Ш.Айтматовтың балалық шағы Ұлы Отан соғысы (1941-1945) кезінде өтті.Сондықтан ол шығармаларында ауыл өмірін , қарапайым еңбек адамдарының соғыс кезіндегі, соғыстан кейінгі өмірін суреттеген. Ш.Айтматовтың шығармалары әлемнің 100-ден астам тіліне аударылған. Жазушы «Ана-Жер-Ана» повесінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиындықты баяндайды.Онда бір отбасының өмірі суреттеледі.Негізгі кейіпкері-Толғанай. Оның жұбайы мен үш ұлы соғыста қаза табады. Одан кейін келіні қайтыс болады.Толғанай жалғыз қалады. Бірақ өмірден түңілмейді.Толғанай өзінің қуанышы мен қайғысын Жер-Анаға айтады .Себебі Жер-барша адамзаттың анасы , асыраушысы.Жер-Ана Толғанайға таусылмайтын күш-жігер береді. Толғанай-соғыс кезінде қиындық көрген аналардың жиынтық бейнесі.Толғанай аналардың көрген қайғы-қасіретін барлық адамзатқа айтқысы келеді.Жазушы Толғанай образы арқылы қарапайым адамдардың қажыр-қайратын, ерлігін бейнелейді.
Ответы
туған, өтті, суреттеген,аударылған,өткен шақ
баяндайды, суреттеледі, қаза табады ,қалады, түңілмейді ,айтады ,береді ,келеді ,бейнелейді -келер шақ