Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
«Ұлы Жібек жолы» Ұлы Жібек жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұлжолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті.VI-VII ғасырларда Қытайдан бастауалған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам, Түркістан, Суяб, Баласағұн Т.С.С. көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары-әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақтакез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдармен қару-жарақтар, киім-кешектер саудаға түсетін.Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентей қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға байболатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды.Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елденЖиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын.Ұлы Жібек жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет пен дипломатиялық қарым-қатынас орнады. (150 сөз)1. Ежелгі қалаларға қандай қалалар жатады?2. Қай қалада саудамен қатар білім мен ғылым дамыған?3. «Ұлы Жібек жолының» маңыздылығы неде деп ойлайсың?
Халқымызда “Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады” деген ұлағатты сөз бар. Білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігі, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екендігі белгілі. Расында да, білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық-рухани күш, қуат көзі жоқ екені шындық. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білімге негізгі басымдық беріп отырғандағы басты себебі содан. Өйткені, білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқанын ұлы Абай да жақсы айтқан: “Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма”, – дейді ол.