evamining
?>

О.Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінде сипатталатын лирикалық қаһарманға мінездеме беріңіз, автордың айтқысы келген идеясын анықтаңыз.​

Казахский язык

Ответы

ryazantseva

Қазіргі кезде қандастарымыз әр елде шашырап жүр.

Осыған байланысты Оразақын Асқар "Шетте жүрген бауырларға" өленің жазған. Бұл өлеңде қазақ бауырларымызды елімізге қайтып келуін сұрайды.

Қазақ елі бұрынғы кезде көптеген қиыншылықтар көрді . Осы себепті басқа елдерге кетуге мәжбүр болды. Қазақ халқы Ахмет Жұбанов айтқандай «мың өліп, мың тірілген» халық. Бұған дейін көптеген соғыстар, көтерілістер болды. Соның нәтижесінде қазақ халқы тарап кетті. Көптеген ұлт-азаттық көтерілістері аяусыз басып-жанышталғаннан кейін қазақтар басқа мемлекеттердің аумағына көшіп кетуге мәжбүр болды. Мәселен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң 300 мыңға тарта қазақ Қазақстан аумағын тастап Қытайға көшіп кетті. Ал қазір тәуелсіздікке қол жеткізіп, қиыншылықтар артта қалғанда қайта елімізге оралып жатыр. Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге лажсыздан қоныс аударуы ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде жиі орын алды. Ол кезде қазақ даласын Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып келген шаруалар арқылы отарлау жаппай жүріп жатты. Қазақтардың ең жақсы, құнарлы да шұрайлы жерлерін күшпен тартып алу жалғаса берді. Міне, мұндай жағдайда қазақтардың өздерінің ежелден отырған, дәстүрлі көшіп-қонып жүрген жерлерін лажсыздан тастап, қайдағы бір құнарсыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады.

Ал қазір біз тәуелсіз мемлекетпіз. Шет елде жүрген бауырларымыз қайта туған жерлеріне орала алады.

Енді барлығымыз бірігіп осы тәуелсіздікті жоғалтпай ұстауымыз керек.

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

О.Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінде сипатталатын лирикалық қаһарманға мінездеме беріңіз, автордың айтқысы келген идеясын анықтаңыз.​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Olegovna Volkov
ilyatamurov
Annabill1987
Versalmoda
СветланаВАЛМОС
re22no22
ЮлияНиколаевна1748
juliaydodova
Ter-Pogosov_Vasilevna
Kuzina Sergeevna
polina0075880
kashxb2056
Sofinskaya1185
dmitzu8594
fhf3624