«Сөз мәдениеті» қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталай беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру «Сөз мәдениетіне» жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану «Сөз мәдениетіне» нұқсан келтіреді.