Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
7. Han 9 10 11 14.15, 15:15«Математика» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары6 - сынып1. Берілгендердің ішінен симметрия осі жоқ фигураларды тандаңыз: (3- )О ТоооА)Ә)Б)B)Д)2. Катер өзен ағысымен 2 сағат жүрген жолды ағысқа қарсы 4 сағат жүрді. Катердің меншіктіжылдамдығы 15 км/сағ болса, онда өзен ағысының жылдамдығы қандай? ( )3. Теңдеуді шешіңіз: 2-х – 1] + 5 = 19(3- )EXCT ANA hocka
Қазақстанның көрнекті жерлері.
Ұлан байтақ аумақты алып жатқан Қазақстанның дархан даласы - ауыз толтырып айтарлықтай көрнекті жерлерге бай өлке. Тіпті әлемнің басқа еш жерінде кездеспейтін табиғаттың әсем көріністері де жетерлік.
Әрине, сөзді ең алдымен елордамыз, тәуелсіз Қазақстанның символы - Нұр – cұлтан қаласынан бастаған жөн болар. Мұнда ҚР Президентінің резиденциясы – Ақорда, елдің ең басты монументі – Бәйтерек, сондай-ақ танымал «Атамекен» этно-мемориалдық кешені бар. Сонымен қатар, естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы елордада халықаралық EXPO көрмесі өткізілген болатын.
Ал Қазақстанның «оңтүстік астанасы», мәдениет орталығы Алматы қаласы архитектуралық ескерткіштер мен сұлу табиғатымен танымал. Бұл жерде аты әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдыны, Көктөбе, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы, Тәуелсіздік монументі және Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты секілді көрнекті жерлер көп. Биік тау баурайындағы қала бүгінде мәдени, тарихи, өндірістік ортаға айналған.
Кезінде Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан көне қалалардың бірі Түркістанда өз заманындағы сәулет өнерінің ерекше туындысы болып табылатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесі орналасқан.
Көрнекті жерлер қатарына сонымен қатар Алматыдан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан, ұлттық парк құрамына кіретін Шарын шатқалын қоса кеткен жөн болар. 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстарынан қалыптасқан шатқал отандық және шет¬елдік туристерді таңғажайып көріністерімен тамсандыратыны рас.
Әрине, бұл толық тізім емес, себебі кең байтақ елімнің көрнекті жерлерін бір шығармаға сыдыру мүмкін емес. Менің атапөткенім, тек бастамасы ғана деп білсеңіздер болады.