Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінді оқыңдар Қазақ жері неткен көркем, неткен бай! Елі алып, жері ұлан-ғайыр. Қазақстанның картасын қараңдаршы: оның алып, ұлан-ғайыр екеніне көз жеткізесің. Қазақстан аумағы 2724, 9 мың шаршы километрге тең. Қазақстан шегарасының ұзындығы — 15000 километр. Осындай алып жерге шикізат пен қазба байлықтарды қос! Қазақстан шикізат, қазба байлығы жағынан дүниежүзіндегі 186 елдің ішіндегі ең бай он елдің қатарына кіреді.Орталық Қазақстанда көмір, жез, қорғасын, мырыш, құмтас өндіріледі. Мұнда көмір қоры 200 миллиард тоннадан асады екен. Солтүстікте алтын, темір; шығыста қорғасын, мырыш; оңтүстікте қорғасын; оңтүстік, шығыс, солтүстікте мәрмәр кенорындары бар. Батыста, Каспий жағасындағы құрлықта 2, 2 миллиард тонна, су астын да 4, 5 миллиард тонна мұнай жатыр. Аралдың айналасында 350 миллион тонна мұнай бар. Міне, Қазақ даласы — осындай!Тапсырма: Мәтін бойынша үш сұрақ құрастырыңдар
Тәуке хан (1680-1715/18 жылдар) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпааралык алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-карымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндеп алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жасақтарының жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі ауызбірліктін арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.