?>
2- тапсырма. Төменде берілген мәтіндерді оқып, адамдық борышқа қатысты түйiндi ойларды iрiктеп алыңыздар. Олардың маңыздылығы туралы жазыңыздар.а) Құрамында қазақтың ұлы перзенті, академик Қаныш Сәтбаев бар делегация Англияға барады. Сонда атақты Уинстон Черчилль аса бойшаң, ірі қазақ ғалымын көріп: «Қазақтардың барлығы сіздей биік пе?» деп сұраған көрінеді. Сонда Қаныш ағамыз са : «Жоқ, менің халқым менен де биік» – депті.ә) Адам өмірге келеді, зейнет іздейді, бақыт табады. Дүниенің шалқар теңізін өктем адыммен кешіп өтпестен тұтқиылдан соққан асау толқын жаңқа секілді жағаға лақтырып тастайды. Сондықтан әрдайым бекем, әрдайым берік болуың керек. Өмір сенің еркелігіңді көтермейді. Әр адамның өмірлік мұраты, мақсаты болуы тиіс. Өзіне жүктелген міндетті дұрыс ұғыну қиын нәрсе, ал оны қалтқысыз атқару – одан да қиын. Сол себепті де әркім дүниеге ашық та ойлы көзбен қарауға, өзінің адамдық парызын жете түсінуге міндетті. Бұлай болмайынша негізгі мақсатқа жету мүмкін емес. (Ы. Жақаев«Ақылдың кені» б) ... Адамзат бойына берілген қандай жақсы қасиеттердің барлығықазақтың бойынан табылады. Қонақжайлылығы, кеңпейілділігі, ақкөңілділігі тағы басқа толып жатыр.Менің қазақ ауылында өскенімді бәрі біледі. Мені бірде-бір рет ренжіткен қазақ болған жоқ. «Гера, Геражан» ауылдың сүйіктісі болдым. Менің адам болып өсуіме қазақтар көп әсер етті. Той- томалақтан қалмадым. Шалдар тәттінің тәуірін, дәмдісін, жіліктің майлысын маған беретін. Менің жүрегімді мейірімділікке толтырған, ыза-кек, қызғаныш, өшпенділік дегеннен аулақ сақтап қалған осы«қазақ ауылы» болды деп ойлаймын. Мен қазақтың алдында осы үшін де қарыздармын. Адами қасиеттеріммен қалдым. Барды қанағат тұту, міне, бұл да қазақтан жұққан қасиет маған. (Г. Бельгер).
Ответы
Отырар - көне қала.
Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Түркістан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңт. жағы – 380 м, оңт.-батысы – 145 м, батысы – 400 м, солт.-шығысы – 380 м және шығысы – 350 м. Төбенің ең биік жері іргесінен 18 м. Жалпы аумағы 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Оның солт.-шығыс және шығыс жақтағы құрылыстары жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орт. қақпа оңт. жағына орналасқан. Археологиялық қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік берді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени қабаттан тұрады.