?>
Қазақстандық спортшылар Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарында сәтті өнер көрсетуде. Бүгін спортшылар ел қоржынына 3 «алтын», 3 «күміс», 4 «қола» медаль салды. Жеңіл атлеттеріміз 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі. Әйелдер арасында 60 метрге жүгіруде Виктория Зябкина 7.32 секундтық нәтижемен алтын, Ольга Сафронова қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, әйелдер арасында 400 метрге жүгіру сынында отандасымыз Елена Микина алдына жан салмады. Елена 53.37 секундтық нәтижемен жеңімпаз атанды. Ал ерлер арасындағы бәсекеде Михаил Литвин үшінші орынды қанағат тұтты.Бұған дейін Ольга Рыпакова мен Мария Овчинникова әйелдер арасында үш қарғып секіруден 1 алтын, 1 күміс медаль еншілеген болатын.Белбеу күресінен сынға түскен Ерсұлтан Мұзаппаров және Перизат Жақыпбекова күмісті, Дидар Сәтбаев қола медальді жеңіп алды. Сондай-ақ, джиу-джитсудан 55 кг салмақта өнер көрсеткен Галина Дуалова қола медальға қол жеткізді.Сонымен, Азия ойындарының төртінші күнгі қорытындысы бойынша, Қазақстан 3-орында.ДЕТАЛЬДІ АҚПАРАТТЫ ТАБУ КЕРЕК КЕМІНДЕ 2
Ответы
Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.