Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілікеді. Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы: Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсеқалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді», - деді. Қазақ АКСР-і орнағаннан соң, 1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі шақырылды. Осысъезде 12-13 жыл бойы қолданылып, орнығып қалған қазақ тілінің дыбыстық табиғатына лайықталыпөгертілген, ресми түрде қабылданған әліпбидің мәні жөнінде, дыбыс әдісімен оқыту ісі жөніндегімәселелер талқыланды. А.Байтұрсынұлы қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазды. Ол «оқуқұралы» деген атпен 1912 жылы Орынборда шығарылса, кейін 7 рет қайта басылады.1. Берілген кестені толтыр. Мәтіндердің стилі мен жанрын анықтап, себебін түсіндір. Ұқсастықтары менайырмашылықтарын ажырат.
Объяснение:
Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды.