Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
А мәтіні [5]Экология ғылымы адам мен табиғаттың қоршаған ортаның, жануарлар мен всімдіктер әлемінің бір-бірімен арақатынасын, олардың үйлесімді дамуы мен сақталуын зерттейді. Ол биология, география, жаратылыстану. химия, физика ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды. Оның биоэкология, геоэкология, элеуметтік экапогия, инженерлік экология, медициналық экология сияқты салалары бар. Олардың басты мақсаты – табиғат пен жануарларды қорғау. Арал - Қазақстандағы Каспий теңізінен кейінгі екінші үлкен көп. Ол өткен ғасырдың 70 жылдарынан баста тартылып, экологиялық қауіпті аймаққа айналды. Сондықтан Қазақстанда Сырдария өзенінің сағасын реттеу мен Арал теңізін қалпына келтіруге арналған арнайы жоба жасалып, Солтүстік Арал теңізі сақталып қалды. Бұл – табиғатты қорғаудың үлгісі, Қазақ даласын ерте замандардан бері мекендеген жануарлардың бірі кулан. Кенес заманында олардың саны күрт кеміп, жойылуға аз-ақ қалды. Қазақстанда құлаңдарды сақтап қалудың арнайы жобасы аясында олар «Алтынемели табиғи қорығына жеткізіліп, мемлекет қамқорлығына алынды. Соның нәтижесінде олардың саны казір 3000- нан асты. Бул жануарларды қоңғаудың үлгісі. Табиғат – біздің досымыз. Оны қорғау – әркімнің абзал борышы, ӘмотініХалқымыздың ұлттық қасиеттерінің бірі штарткан адамын, жақын жұрағаттарын саяттыққа алып шығу болса, енді бір ерекшелігі жақсы көріп, ұнатқан адамын аққу, бұлбұл, сандуғаш, самұрық, тоты сияқты құстарға немесе ақмарал, ақбөкен секілді дала аңдарына теңеуі дер едік. Бұл – бүгіннің ғана емес, жүздеген жылдың жемісі. Әрі ертеңгі күннің де қадірменді еншісі болмақ. Небір таңғажайып ертегілер мен батырлар жырында, орак ауыз, от тілімен халықты аузына караткан акындарымыздың елен-жыр, кисса-дастандарында осынау табиғат базары – аң-құстың атауын соншама мол кездестіресіз. Адамның өзі табиғаттың жемісі болса, адам мен аң-құс арасында сырт көзге болжана бермейтін үйірлік, қимас достық бар. Өткен ғасырларда қазақ сахарасын құлпан, жолбарыс, жабайы жылқы, жабайы түйе мекендеген деп естиміз. Ал қазір республиканың қай түкпірінен де құлан мен жолбарысты баяғыдай кездестіре алмайсыз. Жоңғар Алатауындағы бұғы, таутеке, арқар, түлкі, Іле, Балқаш және Арал теңізі қамысы арасындағы топ-тобымен жортып жүретін жолбарыс, Орал жағындағы үйір-үйір жабайы Асылқылар; Алтай қойнауындағы сабылысып, бүкіл тауға сыймай жүретін маралдар: Барсакелместегі құландар, Сауыр, Тарбағатай, Қарқаралы, Баян тау. Ұлытау, Үстірт, Маңғыстау маңындағы тастан-таска секіріп, қойдай еріп жүретін қисапсыз арқар, таутекелер қайда бұл күндері? Оны қоя тұрғанда түлкі, қоян, . * әдебиет тжб*
Ақшақар.
Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.
Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.
Әсіресе балалар Аяз Ата мен Ақшақарды асыға күтеді. Біреулері Аяз Аятаның сыйлығына, екіншілері Ақшақардың көйлегі мен көз тартар сұлулығына қызығады. Кішкене қыз балалар көбіне ақ көйлек киіп, өздерін Ақшақар елестетеді. Аяз Ата мен Ақшақар балалардың өнерлеріне тәнті болып, әзірлеген сыйлықтарын ұсынады.
Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.