Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қиял әлемі Көлік және жол белгілері Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология Тыңдалым мен айтылым Тапсырма Мәтінді оқып шығып, негізгі ойды білдіретін кем дегенде 5-7 тірек сөзді анықтаңыз. 1-мәтін Қиял құдіреті Қиял - табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі рухани қасиет. Қиялдың шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның алға жылжуына себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте дұрыс айтқан. Ал француз ғалымы Дени Дидро «Қиялсыз ақын да, философ та, тіпті адам болуы да мүмкін емес», - дейді. Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мұны олардың қызық ертегілерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі ғажайып оқиғаларды шындық деп қабылдауынан көреміз. Баланың жасы, өмір тәжірибесі өсе келе, қиялы да шындыққа жақындай бастайды. Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. Сонымен қатар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің де қиялын бі
Хабарлы сөйлем деп біреу я бірдеме туралы хабарлай айтылған сөйлемді дейміз.
Хабарлы сөйлемді айтқанда, оның аяғында дауыс бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.
Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.
Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемСұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.
Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемнің жасалуыСұраулы сөйлемнің жасалуы:
сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады; сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі; сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі; сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.