Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қазіргі кезде ғаламтормен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады. Негізінде ғаламтор тарихы компьютер пайда болған уақыттан басталды. 1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ-тың алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының акентігі ARPA осы мақсатқа компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос –Анджелістегі Калифорния университетіне және Стэнфорд зерттеу орталығына тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды.Желіні ғылымның әртүрлі салаларындағы ғалымдар қолдана бастады.1971 жылы желі арқылы электронды хабарлама жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол әлемге кеңінен таралған. Бұл желіні негізінен , электронды хабарлама жіберу үшін пайдаланылды.1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды.1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен тарай бастады, олар 1982-83-жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протоколына көшірілді, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін қолданылуда. 1983 жылы «Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын болды.1-тапсырма. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін бір суретті таңдап, астына мәтін туралы бір сөйлемді өз ойыңызбен жазыңыз.
Ел намысы – ер намысы» деген мақал жолдарымен толықтай келісемін. Қазақ халқы қашанда намысты ту етіп, биік қойған ұлт. Ұл балаларды кішкене күндерінен намысты қолдан бермеуге тәрбиелеп, бастарын идірмей, үміттерін сөндірмей өсірген халықпыз. Ар – намыс туралы мақал – мәтелдер де жетерлік, солардың ішінде маған ең ұнайтыны - «Ерді намыс өлтіреді, қоянды намыс өлтіреді». Демек, намыссыздық адам бойындағы жағымсыз қасиет.
Менің ойымша, намыстың жоғары болуы отаншылдыққа бастайды, адам бойында патриоттық сезімдерді оятып, елін, жерін, ұлтын ерекше қадірлеуге үйретеді. Яғни, намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Бойында ұлттық намысы бар адам әрқашан мәдениетін, тілін, дінін, салт – дәстүрін қастерлейді. Намысшылдық қасиет отбасымызда өз бастауын алып, ата – анамыздың үлгісімен өз жалғасын табады. Қандай заман болмасын, бізді ұлт қылған, тәуелсіз ел қылған осы намыс екенін ұмытпағанымыз жөн. Ұлттық намысымызды сақтай білейік, жүрегі «қазақ» деп соғатын намысқой жігіттеріміз көп болғай! Ұлттық ар – намысымызды сақтай білсек, ар – ождан да биік болады.
Объяснение: