?>
1-тапсырма Екі мәтінді оқыңыз. «ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ЕНГІЗІЛМЕКБиылғы жылы өңірімізде «Жас маман» бағдарламасы жүзеге асырылмақ.Елбасы Қазақстандағы Жастар жылының ашылуы барысында өткен жиында. әрбір облыста шетелдік профессорлардың қатысуымен «Назарбаев Университетіне» жақындатылған университет пен 100/200 қағидатына сәйкес келетін 10 үздік колледж құруды тапсырғаны мәлім. Венера Шавкилова бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын айтады.— «Жас маман» бағдарламасы аясында облыстан еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім беретін 10 колледж таңдалып алынды. Бағдарламаға енген мамандықтар аясында колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді деп күтілуде.Биыл мектеп бітіруші 9-сынып оқушыларының 40 пайызы, 11-сынып оқушыларының 25 пайызы кәсіптік оқуды таңдайды деп жоспарланып отыр, — дейді ол.ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КУРСТАР ТЕГІН ОҚЫТЫЛАДЫҚазіргі таңда жұмыссыздарға әртүрлі мамандықтар бойынша курстар ашылып, кәсіптік біліктіліктерін арттыру ісі қолға алынғаны белгілі. Қысқа мерзімді қайта даярлау курстары еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытылады.Ақтөбе қалалық жұмыспен қамтуорталығы директорының орынбасары Алтынай Маханованың айтуынша, биыл 945 жұмыссыз және өзін-өзі қамтушы азаматты қысқа мерзімді қайта даярлау курсына бағыттау жоспарланды.Үстіміздегі жылдың 1 маусымына дейін 337 жұмыссыз еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша курстан өтті. Оқыту курстары 3 айға созылады. Сондай-ақ 16 759 теңге шәкіртақы беріледі. Жұмысшы мамандықтарының тізіміндеқоғамға қажетті электромонтажшы, автослесарь, автоэлектрик, қазандық операторы, кең профильді тігінші, кондитер сияқты барлығы жиырмадан астам мамандық түрлері бар.Тігінші — еңбек нарығында танымал, халыққа қызмет көрсету саласында қажетті мамандықтардың бірі. Бүгінде бұл мамандыққа сұраныс та жоғары. Ақтөбелік тұрғын Алмагүл Далабаева «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылып жатқанын естіп, өз білімін жетілдіріп шықты.2-тапсырма Берілген сөздерді құрамына талдаңыз.Жас маман, мамандықтар, тігінші, электромонтажшы, еңбек нарығыҮлгі: жас маман- туынды сөз, күрделі тіркес сөз, зат есім, жалпы, деректі3- тапсырма. Әр мәтін бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз.
Ответы
Объяснение:
Алтын адам — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.
Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.