MAXIM76748
?>

Сөйлем мүшесін талдау Мәтіннен алынған сөйлем мүшесіне қарай талдаңыз Қазақ даласын ерте замандардан бері мекендеген жануарлардың бірі-құлан Арал- Қазақстандағы каспий теңізінен кейінгі екінші үлкен көл Ал қазір республиканың қай түкпірінен де құлан мен жолбарысты баяғыдай кездестіре алмайсыз Бірыңғай мүшелер қатысқан 2сөйлемді тауып жазып, олардың қандай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғаннын анықтаңыз 1 мәтін Экология ғылымы адам мен табиғаттың, қоршаған ортаның, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің бір-бірімен арақатынасын, олардың үйлесімді дамуы мен сақталуын зерттейді. Ол биология, география, жаратылыстану, химия, физика ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды. Оның биоэкология, геоэкология, әлеуметтік экология, инженерлік экология, медициналық экология сияқты салалары бар. Олардың басты мақсаты – табиғат пен жануарларды қорғау. Арал – Қазақстандағы Каспий теңізінен кейінгі екінші үлкен көл. Ол өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап тартылып, экологиялық қауіпті аймаққа айналды. Сондықтан Қазақстанда Сырдария өзенінің сағасын реттеу мен Арал теңізін қалпына келтіруге арналған арнайы жоба жасалып, Солтүстік Арал теңізі сақталып қалды. Бұл – табиғатты қорғаудың үлгісі. Қазақ даласын ерте замандардан бері мекендеген жануарлардың бірі – құлан. Кеңес заманында олардың саны күрт кеміп, жойылуға аз-ақ қалды. Қазақстанда құландарды сақтап қалудың арнайы жобасы аясында олар «Алтынемел» табиғи қорығына жеткізіліп, мемлекет қамқорлығына алынды. Соның нәтижесінде олардың саны қазір 3000- нан асты. Бұл – жануарларды қорғаудың үлгісі. Табиғат – біздің досымыз. Оны қорғау – әркімнің абзал борышы. 2 мәтін Халқымыздың ұлттық қасиеттерінің бірі іштартқан адамын, жақын жұрағаттарын саяттыққа алып шығу болса, енді бір ерекшелігі жақсы көріп, ұнатқан адамын аққу, бұлбұл, сандуғаш, самұрық, тоты сияқты құстарға немесе ақмарал, ақбөкен секілді дала аңдарына теңеуі дер едік. Бұл – бүгіннің ғана емес, жүздеген жылдың жемісі. Әрі ертеңгі күннің де қадірменді еншісі болмақ. Небір таңғажайып ертегілер мен батырлар жырында, орақ ауыз, от тілімен халықты аузына қаратқан ақындарымыздың өлең-жыр, қисса-дастандарында осынау табиғат базары – аң-құстың атауын соншама мол кездестіресіз. Адамның өзі табиғаттың жемісі болса, адам мен аң-құс арасында сырт көзге болжана бермейтін үйірлік, қимас достық бар. Өткен ғасырларда қазақ сахарасын құлан, жолбарыс, жабайы жылқы, жабайы түйе мекендеген деп естиміз. Ал қазір республиканың қай түкпірінен де құлан мен жолбарысты баяғыдай кездестіре алмайсыз. Жоңғар Алатауындағы бұғы, таутеке, арқар, түлкі, Іле, Балқаш және Арал теңізі қамысы арасындағы топ-тобымен жортып жүретін жолбарыс, Орал жағындағы үйір-үйір жабайы жылқылар; Алтай қойнауындағы сабылысып, бүкіл тауға сыймай жүретін маралдар; Барсакелместегі құландар, Сауыр, Тарбағатай, Қарқаралы, Баян тау, Ұлытау, Үстірт, Маңғыстау маңындағы тастан-тасқа секіріп, қойдай өріп жүретін қисапсыз арқар, таутекелер қайда бұл күндері? Оны қоя тұрғанда түлкі, қоян, еліктің азайып кетуі неден? Біздің қолымызда бұлтартпайтын бір факт бар. Ол – аң-құстың азайып бара жатқандығы. Иә, мүлдем азайып барады.

Казахский язык

Ответы

СветланаВАЛМОС

Анашым! (авторы Мұқағали Мақатаев)

Асыл анам, есіл анам,

Елжіреп есіркеймін, есіме алам.

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді

Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,

Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,

Оқытып кешеу барған хаттарымды

Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,

Оқуын ұлың жақсы аяқтады.

Анашым, білем сені, қарсы емессің

Кеттім мен тың даланы оятқалы.

Анашым!

Қайда жүрсем сен - күш, арым,

Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.

Қайда барсам, өзіндей қарсы алады

Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

Анашым!

Жаратылдың бағыма шын

Білемін көңілсізсің, сағынасың.

Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар. Қ

апа болма мен үшін, неғыласың...


Жан анама (Берикболова Бекзат)


Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,

Бар шуағын баласына арнаған.

Бір өзіңнен қуат алып өмірде

Сенің салған сара жолды жалғағам.


Айымсың ғой жарық қылар түнімді,

Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.

Бір Алладан саулығыңды тілеумен

Атқызамын әрбір ғажап күнімді.


Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың!

Аллам сенен жамандықты қашырсын.

Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа

Жастарыңды жүзден дағы асырсын!


Тілегімнің бастауы да бір өзің,

Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.

Сен жанымда болған кезде әр сәтім

Жаздай жайлы қысым менен сұр күзім.


Бақытымсың, жаным анам, жан анам,

Мен өзiңдi періштеге балағам.

Ауырмашы,  қартаймашы ешқашан.

Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.


Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.

Аман жүрсең - маған сол гой керегі.

Бақытты бол, ауырма деп тілейді

Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сөйлем мүшесін талдау Мәтіннен алынған сөйлем мүшесіне қарай талдаңыз Қазақ даласын ерте замандардан бері мекендеген жануарлардың бірі-құлан Арал- Қазақстандағы каспий теңізінен кейінгі екінші үлкен көл Ал қазір республиканың қай түкпірінен де құлан мен жолбарысты баяғыдай кездестіре алмайсыз Бірыңғай мүшелер қатысқан 2сөйлемді тауып жазып, олардың қандай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғаннын анықтаңыз 1 мәтін Экология ғылымы адам мен табиғаттың, қоршаған ортаның, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің бір-бірімен арақатынасын, олардың үйлесімді дамуы мен сақталуын зерттейді. Ол биология, география, жаратылыстану, химия, физика ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды. Оның биоэкология, геоэкология, әлеуметтік экология, инженерлік экология, медициналық экология сияқты салалары бар. Олардың басты мақсаты – табиғат пен жануарларды қорғау. Арал – Қазақстандағы Каспий теңізінен кейінгі екінші үлкен көл. Ол өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап тартылып, экологиялық қауіпті аймаққа айналды. Сондықтан Қазақстанда Сырдария өзенінің сағасын реттеу мен Арал теңізін қалпына келтіруге арналған арнайы жоба жасалып, Солтүстік Арал теңізі сақталып қалды. Бұл – табиғатты қорғаудың үлгісі. Қазақ даласын ерте замандардан бері мекендеген жануарлардың бірі – құлан. Кеңес заманында олардың саны күрт кеміп, жойылуға аз-ақ қалды. Қазақстанда құландарды сақтап қалудың арнайы жобасы аясында олар «Алтынемел» табиғи қорығына жеткізіліп, мемлекет қамқорлығына алынды. Соның нәтижесінде олардың саны қазір 3000- нан асты. Бұл – жануарларды қорғаудың үлгісі. Табиғат – біздің досымыз. Оны қорғау – әркімнің абзал борышы. 2 мәтін Халқымыздың ұлттық қасиеттерінің бірі іштартқан адамын, жақын жұрағаттарын саяттыққа алып шығу болса, енді бір ерекшелігі жақсы көріп, ұнатқан адамын аққу, бұлбұл, сандуғаш, самұрық, тоты сияқты құстарға немесе ақмарал, ақбөкен секілді дала аңдарына теңеуі дер едік. Бұл – бүгіннің ғана емес, жүздеген жылдың жемісі. Әрі ертеңгі күннің де қадірменді еншісі болмақ. Небір таңғажайып ертегілер мен батырлар жырында, орақ ауыз, от тілімен халықты аузына қаратқан ақындарымыздың өлең-жыр, қисса-дастандарында осынау табиғат базары – аң-құстың атауын соншама мол кездестіресіз. Адамның өзі табиғаттың жемісі болса, адам мен аң-құс арасында сырт көзге болжана бермейтін үйірлік, қимас достық бар. Өткен ғасырларда қазақ сахарасын құлан, жолбарыс, жабайы жылқы, жабайы түйе мекендеген деп естиміз. Ал қазір республиканың қай түкпірінен де құлан мен жолбарысты баяғыдай кездестіре алмайсыз. Жоңғар Алатауындағы бұғы, таутеке, арқар, түлкі, Іле, Балқаш және Арал теңізі қамысы арасындағы топ-тобымен жортып жүретін жолбарыс, Орал жағындағы үйір-үйір жабайы жылқылар; Алтай қойнауындағы сабылысып, бүкіл тауға сыймай жүретін маралдар; Барсакелместегі құландар, Сауыр, Тарбағатай, Қарқаралы, Баян тау, Ұлытау, Үстірт, Маңғыстау маңындағы тастан-тасқа секіріп, қойдай өріп жүретін қисапсыз арқар, таутекелер қайда бұл күндері? Оны қоя тұрғанда түлкі, қоян, еліктің азайып кетуі неден? Біздің қолымызда бұлтартпайтын бір факт бар. Ол – аң-құстың азайып бара жатқандығы. Иә, мүлдем азайып барады.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Kozloff-ra20146795
smileystyle
tatry2005
Стуканова УЧРЕЖДЕНИЕ1877
Alex17841
bellatrixstudio
ddavydov1116
vladexi
mdubov59
Кристина_Memmedov
goldenshtein33333
lenskiy
Vladislav98
olyafom1234
buleckovd8724