Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тыңдалым Тапсырма 1. Мәтінді оқып , онда көтерілген басты мәселені өз сөзіңізбен түсіндіріңіз . 2. Мәтіннен 2 факті мен 2 автордың көзқарасын білдіретін ақапаратты табыңыз және себебін түсіндіріңіз . [ 5 ] Әлеуметтік желі — қауіп пе , қажеттілік пе ? « Internet World Stats » агенттігінің зерттеуіне сүйенсек , Қазақстанда 5, 6 миллион адам әлеуметтік желілерді пайдаланады . Интернеттің осы бір құдіреті әлемнің ақпарат кеңістігінде оң әсер еткенімен , жас ұрпақтың келешегіне тигізетін : зиянды екені айтылуда . Қолы қалт етсе , әлеуметтік желіге шұқшиятын жеткіншектеріміздің кез келген уақытта алаяқтың арбауына түсіп қалуы өте оңай . Сайттарды шарлап , жағымсыз қылықтарға бой үйретеді . Әлеуметтік желілер - уақыт ұрлаушылар . Адамның желіге тәуелділігі сондай , бас алмастан отырып минуттардың , оның артынан сағаттардың қалай жылжып кеткенін байқамай да қалады . Мұның соңы қайда апарып соғады ? Бір жағынан жан - жақты білімді ұрпақ өсіру үшін ғаламтор игілігін пайдаланбасқа болмайды . Екіншіден , уақытымызды үнемдейміз . Сонымен әлемді жаулаған әлеуметтік желі қазақ болашағына қауіп пе , қажеттілік пе ?
Сона-а-ау, еліміз егемендік алған, яғни тарихқа кеткен жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында, қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алған тұста кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда қазақ тілі үйірмелері ашылып, тіпті кеңес дәуірінің ықпалымен орыстілді болып кеткен отбасылар да ана тілін үйренуге бет бұрып, әбден тілге сусындап қалған халық жаппай белсенділік танытып, жүйелі жұмыс жанданып сала беріп еді. Керек десеңіз, қаладағы жолаушы тасымалдайтын көлік автобус пен троллейбустарда да аялдама аттары қазақ тілінде хабарланып бір ерекше құлшыныс пайда болды. Бірақ кенеттен осы жұмыстардың бәрі пышақ кескендей сап тиылып, мемлекеттік маңызы бар шара тек уақытша науқаншылыққа айналғанын сонда ғана ұқтық.