dmitryshigin
?>

Қарадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қабат-қабат шұбар адырлар. Жақын төбелерді тобылғы басқан. Сай бойында май айының салқын лебі еседі. Маңайдан жуалардың, жас шөптердің иісі келеді. Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағаннаң ортасында терең құр жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жақын елге мәлім, ескі ін. Жазға салымнан бері соны екі қасқыр келіп мекен етті. ... Күшіктерді жоталарынан тістелеп, індерге тығып-тығып тастап, ақ қасқыр қараған ішіне кірді. Ін аузына екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да, екінші біреуін – ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды. Ін қаңырап қалды... . Осыдан соң бір жұма бойы маңайдағы ел күндіз-түні у-шу болып жатты. Қой жараланды. Қозы алып қашылды. Бұзаулар өлтірілді. Далада құлындаған биелердің бірнеше құлындары желінді. Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды.2-мәтін Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш «Көксерек» деп ат қойып алды. Ертеңді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш-итаяқ әзір болды. Баурын көтеріп, тырбанып, жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Үй ішінен шықпайды.Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады.Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады.Жаз ортасында жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді. Семіріп, жонданғандай да болды. Бірақ үлкейісі даладағындай емес, бәсеңдеу. Ауылдағы өзіғұрпы күшіктерден сонша үлкен емес. Бұл уақытқа шейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды. Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді.1. Сұрақтарға жауап беріп, кестені толықтырыңыз. 1. Оқиға қай жерде болады? 2. Тұтқыншы болып кеткен не? 3. Тазыны кім асырап алды? ​

Казахский язык

Ответы

Mikhail1369

Шығарма

 Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...

 Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.

 Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.

 Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Қарадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қабат-қабат шұбар адырлар. Жақын төбелерді тобылғы басқан. Сай бойында май айының салқын лебі еседі. Маңайдан жуалардың, жас шөптердің иісі келеді. Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағаннаң ортасында терең құр жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жақын елге мәлім, ескі ін. Жазға салымнан бері соны екі қасқыр келіп мекен етті. ... Күшіктерді жоталарынан тістелеп, індерге тығып-тығып тастап, ақ қасқыр қараған ішіне кірді. Ін аузына екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да, екінші біреуін – ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды. Ін қаңырап қалды... . Осыдан соң бір жұма бойы маңайдағы ел күндіз-түні у-шу болып жатты. Қой жараланды. Қозы алып қашылды. Бұзаулар өлтірілді. Далада құлындаған биелердің бірнеше құлындары желінді. Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды.2-мәтін Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш «Көксерек» деп ат қойып алды. Ертеңді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш-итаяқ әзір болды. Баурын көтеріп, тырбанып, жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Үй ішінен шықпайды.Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады.Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады.Жаз ортасында жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді. Семіріп, жонданғандай да болды. Бірақ үлкейісі даладағындай емес, бәсеңдеу. Ауылдағы өзіғұрпы күшіктерден сонша үлкен емес. Бұл уақытқа шейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды. Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді.1. Сұрақтарға жауап беріп, кестені толықтырыңыз. 1. Оқиға қай жерде болады? 2. Тұтқыншы болып кеткен не? 3. Тазыны кім асырап алды? ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

elozinskaya
zuelv
marketing
lestnica
akopovarch
cafemgimo
Nekrasova
vladexi
elenalusia
yusinelnik8
bergamon
Evagg3856
Ladyby6224
gernovoy
alexeytikhonov