Mikhailovna_Litvinova276
?>

➢ 6-тапсырма, 120-бет. Талғаулықты мәнді білдіретін жалғаулықтарды қатыстырып сөйлемдер құрастыңыз. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданыңыз. (жазбаша/письменно

Казахский язык

Ответы

Yurevich-Vladimirovich

Тіл – халықтың ең негізгі байлығы. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – деген даналық сөз бар. Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келсе, көп тілді игерген азаматтарға қарап қуанатынымыз да белгілі.

Үш тұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады.Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті. Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді. Бұл бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудың ең алғашқы сатысы болып саналады. Өйткені қазіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген азаматтардың қай ортада жұмыс істесе де жолы ашық.

Мемлекеттік тіл мемлекет өмірінің барлық саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін, орыс тілі ұлтаралық қатым-қатынас тілі, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етуде.Қазақстанда тіл үйрену мәселесі ерекше маңызға ие. Тілдерді оқыту орталығында оқитын тыңдаушылар бұл тілдің тек қана бір қатынас құралы ғана емес, ол сол халықтың тарихы, мәдениеті, өмір салт­-дәстүрін, толық болмысы мен бет-бейнесін көрсететінін ұғына отырып, оқу үрдісінде аталған жайлар туралы пікірлерін жиі ортаға салып отырады.

Күнделікті қызметте классик жазушы С. Мұқановтың «Әркімнің туған тілі - туған шеше, оған бала міндетті сан мың есе» деген сөздерін мысалға ала отырып, түсіне, ұғына білгенге адамдағы ұлттық мақтаныштың алғашқы ұшқындары да жүрекке тіл арқылы ұялайды. Өз ана тіліңді қадірлемей, ел-жұртыңды сүйе алмайсың. Әр азамат ана тілінің бай қорын игерумен бірге орыс, ағылшын тілдерінің де асыл қазынасынан сусындап, оны іске асыра білгені де жөн.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

➢ 6-тапсырма, 120-бет. Талғаулықты мәнді білдіретін жалғаулықтарды қатыстырып сөйлемдер құрастыңыз. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданыңыз. (жазбаша/письменно
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

office3
femida69
Радецкая264
Светлана308
Imarmy67
mail2017
buleckovd8724
langprint
barnkim
mmihail146
Svetlana1884
arnika-ooo1
liza04521160
mashere59
zverevahelen