Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Жалгасы:Біздің арғы тегіміз-ежелгі түркі тайпаларында да жұлдызшылар болған .Қазақ тілінде Жетіқарақшы, Үркер , Темірқазық, Босаға , Таразы т.б көптеген жұлдыз атаулары бар.Олар бізге ежелгі түркілер дәуірінен жеткен.Жұлдызшылар жыл мезгілдері, мал төлдету, бие байлау, жайлауға, күзеуге, қыстауға көшу мерзімдері секілді жайларды көпшілікке жариялап отырған. Осы мәтінге жинақы мәтін жазу 3сөйлемнен аспау керек
Қыран, қыран бүркіт. Түсіндірме сөздікте «қыран» сөзінің мағынасы — бүркіт, қаршыға, қырғи, ителгі сияқты алғыр құстардың жалпы атауы деп баяндайды. Әрине, бұл мағына аталған құстардың қасиетіне қарай кейін пайда болса керек. Кейбір түркі тілдерінде, атап айтқанда, қырғыздарда қыран — епті, алғыр сияқты мағыналарда қолданылады. Және бұл тілде тек жыртқыш құс қана емес, аңға салатын иттерге де (тазыға) айтыла береді. Шамалауымызша, сөздің алғашқы тұлғасы «қыр» болып, мағынасы — жою, құрту етістіктерімен синонимдес болуы ғажап емес. Құс атауы — «қырғи» да осы түбірден туындаған деуге болады. Бұл деректер бойынша, «қыран бүркіт» тіркесі «епті, алғыр бүркіт» түсінігімен деңгейлес келеді. «...жаз — қаршыға, қыс — бүркіт дегендей босағасынан бір қыраны арылмайтын еді» (С. Мұқанов, Аққан жұлдыз.).[1]