Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1.Өлеңде автор кімнің атынан сөйлейді? 2.Ақын "күні кеше" "Көріп едім бәрін мен ойып алды көзімді", "Сөз айтып ем - шыдамай! Қырқып алды тілімді.", "Ойымды мен айтып ем, Отқа салды жанымды", - деп халықтың басынан өткен қандай тарихи кезеңдерді айтып отыр? 3."Таптап, Қырқып, Жоқ етті де туымды, Жазирамды отқа салды, қуырды. Жуынды етті кәусар менен суымды, Шұлғау етті қасиетті туымды..." деген өлең жолдарында ақын оқырманға не айтқысы келіп отыр? 4.Ақын Т.Медетбекті "Тәуелсізбін" өлеңі арқылы қандай тұлға ретінде тани алдыңдар?
Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.
Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз.
Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды.