Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
4. «Дербес пікір жазу» тәсілін қолданып, әңгіме мазмұны бойынша тапсырмаларды орындаңдар:өзіндік ой-пікірді бір сөйлеммен білдіріңдер;екі сөйлемнен тұратын дәлел келтіріңдер;өз пікірлеріңді айғақтайтын мысалды екі сөйлемменкөрсетіңдер;өз пікірлеріне қарсы бір сөйлемнен тұратын дәлелкелтіріңдер;бір сөйлеммен қарсы дәлелді жоққа шығаратын мы-сал келтіріңдер;екі сөйлемнен тұратын қорытынды шығарыңдар
Күйші туралы.
Күйші дегеніміз - ұлттық аспапта (домбыра, қобыз, сыбызғыда) күй орындаушы. Күйші дегенде алдымен есімізге Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет секілді атақты күйшілеріміз оралатыны сөзсіз.
Жалпы күй өнері қазақ халқына ғана тән өзіндік орындау мәнері бар өнер түрі. Күйшілер халықтың мұң - мұқтажын, арман - тілегін, өмірін , салт - дәстүрін ұлттық аспаптар арқылы көрсетіп отырған. Күйлердің тақырыптары да әр алуан болып келеді.
Бұрынғы кездері күйшілер күйлерді өздері шығарып, өздері халық арасында таратып отырған. Күйлер қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.
Күйдің әуендік құрылысы мен ырғақтық - орындаушылық әдістері сан алуан болады. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.