Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
4-тапсырма. Малаланың пікірлерін жұп болып талқылай отырып, оларды құрмалас сөйлемге айналдырыңдар. (Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге қалайайналдырады?)• Мен Талибанға кек сақтамаймын. Мен содырлардың балаларыбілім алса екен деймін.• Біз өз үніміздің салмағын үнсіз қалған кезде ғана сезінеміз.• Пәкістанның басындағы барлық шешілмеген мәселенің түпсебебі - надандық. Соның кесірінен саясаткерлер халықты алдап, қайта-қайта сайланып жатыр.• Экстремистер кітап пен қаламнан қорқады, білімнің күшіоларды сескендіреді. Кітап пен қалам лаңкестікті жеңетін алапаткүш.
Сөз мәдениеті— әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.
«Сөз мәдениеті» қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталай беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру «Сөз мәдениетіне» жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану «Сөз мәдениетіне» нұқсан келтіреді. «Сөз мәдениеті» сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. «Сөз мәдениеті» теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі «Сөз мәдениетінің» дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді.