Zezyulinskii Fedor
?>

3-тапсырма. Дереккөздерді пайдаланып, төмендегі қатарды жалғас- тырыңдар.Металдан жасалатын бұйымдар: сақина, Киізден жасалатын бұйымдар: текемет, Теріден жасалатын бұйымдар: өмілдірік, ...​

Казахский язык

Ответы

Lorik-lorik29
Табиғат дегеніміз - бұл біздің санамыздан тыс, бізге бағынбайтын, біздің өмірімізге тірек болып, тұрған болмыс , адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат а дүниеге келтіріп бойындағы махаббат мейіріммен, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан - Аяулы Ана.
Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге де болады. Ата - бабамыз " Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық ", - деп өсиет айтып келгені тегін емес.
Бүкіләлемдік тіршіліктің төрт құдіретті негізі бар. Олар: күн - ана, жер - ана, ауа мен су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тірішілік тоқтайды. Сондықтан адамзат Күнді, Жерді анадай ардақтайды. Күн -барлық тіршіліктің құдіретті тіргегі. Оның нұры - сәулесі, құдіретті күші - от.
Әлемдегі барлық тіршілік оттың күшімен қозғалысқа түсіп, адам өмірін өркендетіп тұр. Отты дана халқымыз қастерлеп, отты баспа , отпен ойнама , отқа түкірме деп ырым, тиым жасап, кесір-қырсықты отпен аластатып, отқа табынған. Отбасы, отағасы, отау деген сөзден отты қастерлеуден шыққан.
Ал жер-ана тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр. Қазақ халқы жер-ананы әулие тұтады. "Баптағанға - жер жомарт " , "Жері байдың - елі бай ", "Туған жер - алтын бесік " деп жер-ананы аялайды.
Жер - жаһамадағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет - су. Өмірге ең қымбат, ең қажетті болғандықтан, халық судың шығып жатқан жерін "әулие бұлақ " дейді. Халқымыздың суға байланысты қаншама даналық нақыл сөздері бар десеңізше: "Су бар жерде өмір бар " , " Сусыз өмір тұзсыз аспен тең ", "Өзің ішетін суға өлген ит тастама ".
Жан дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған келесі құдіретті нәрсе - ауа. "Ауа - өмір тынысы " дейді халық. Ең қымбатты, қажетті нәрсені "ауадай қажет " деп халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

3-тапсырма. Дереккөздерді пайдаланып, төмендегі қатарды жалғас- тырыңдар.Металдан жасалатын бұйымдар: сақина, Киізден жасалатын бұйымдар: текемет, Теріден жасалатын бұйымдар: өмілдірік, ...​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ИринаАлександровна
makscska22879
Коробкова1437
Lyalikova
Lerkinm
orange-salon-job77
mirdetzhuk79
Коваленко
assistant
Панков1101
shoko-2379
РубенШафетдинов
kirillprotopopov1
litlenet
Lapushkin1988