Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
ТЫҢДАЛЫМ 3-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тұрақты тіркестерді тап.Тыңдалым мәтініҚұрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері!Сіздер айырылу, азап көру және қатал сынақтардан өтіп, қажырлы рухани күштікөрсеттініздер, төтеп бердіңіздер және женіске жеттіңіздер. Тарихи белестер де бар, олардыңмағынасы уақыт ағымында өшпейді. Әр өткен жыл олардың ұлылығы мен мағынасын одан сайынкүшейтеді. Үлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы естелік және сіздердің ерліктеріңіз үшін мақтанышұрпақтан ұрпаққа беріледі, бізді біріктіреді. Біз үшін мызғымас өнегелі бағдар ретінде қызмет етеді.Күнтізбеде ерекше мәнге ие осынау мерекені әлем елдері Ұлы Отан соғысы жылдарыныңқаһарлы жылдарындағы зор Жеңіс ретінде тойлайды. Біз өзімізді осындай бейбіт өмірге жеткізіп, тамаша, жана елордада ұрпақ өсіруге мүмкіндік әперген аталарымыз бен әкелеріміздің ерлігі алдындабасымызды иеміз. Біз Ұлы Отан соғысына қатысты естеліктерді естен шығармай, соғыстың зардабы мен зорлық-зомбылыққа қарсылықты жеткізіп отыруды парыз санаймыз. Осынаумереке күндері сіздерге зор денсаулық пен бақыт, және болашаққа деген сенім, сондай-акбейбіт ашық аспан тілейміз. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады.Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді.Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады.Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі.Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады.