Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Төменде берілген тұрақты сөз тіркестерін мағыналық сәйкестігін тауып, көшіріп жазыңдар.1Қан кешті2Мойнына артты3Төбе көрсетті4Аузынан дүр шашты5бата алмады6бетінен басты7ғилман болды8душар болды9еркі кетті10жағы құрысты11зарп ұрды12көзі түстіА бір келіп көрініп қайттыӘ батылы бармадыБ жанын құрбан кылдыВ ықтиярынан айырылдыГ теуіп тастады.Ғ сөз айтты, сөйледід кескілесіп соғыстыE үні өштіЖ ұялды, қысылдыИ назары аудыК кезіге кеттіЗ мәжбүр еттіК кезіге кетті
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.