Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінді оқып, екі тапсырманың бірін орында: Үлгі бойынша өзің білетін бір жұлдыз туралысипаттама мәтін жаз.Жетіқарақшы шоқжұлдызы туралы қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді қатыстырып диалогжаз.Үлгі. Көпшілікке таныс жұлдыздар шоғыры-Жетіқарақшы. Жетіқарақшы шөміш бейнесінеұқсайды. Қараңғы түнде жарқырап, анықкөрінеді.«Жетіқарақшыны таныған жеті қараңғы түндеада », - дейді қазақ. Қарақшының бірмағынасы - күзетші, егінді құстардан қору үшін, немесе қой шетіне ит-құсты жолатпай, үркітуүшін, қарақшы қойылатын болған. Демек, алғашқы мағынасында Жетіқарақшы жеті ұрыемес, жеті күзетші, қорықшы, қарап тұрушыдеген ұғымнан шықса керек. Ұрылар жөніндегіертегі бертінде, ертегішілердің қиялынаншыққан.
Мен жазғы демалысымды қалай өткіздім?
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Мен биылғы жазғы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.
Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Күнделікті көлге шомылуға барып, ал одан соң түрлі экскурсияларға баратынбыз, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Жазғы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық.