?>
1-тапсырма. Қою қаріппен берілген сөздердің синонимін тап. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра. • М. Әуезов — қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Мұхаңды құрметтеу — елдің тәуелсіздігін құрметтеу, өз еліңді сүю, отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау (ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев• Оқушылар, сіздерге қазақ халқының ұлы ақыны — Абай туралы романның ағылшын тіліндегі бірінші кітабын тұңғыш рет мақтанышпен ұсынамыз.Өзгеге көңілім тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың... —депті ғой ақын алаулаған асқақ жырының бірінде. Халық аяулы перзентінің лебізіне сүйсіне құлақ қойған да сияқты. Қандай ер көңіл, қандай ізгі жанды мейірбан, қандай дарынды халық — «қазақ» дегеніңіз! Қазақтар туралы біздің бұрынғы бейхабарлығымыз өкінішті-ақ екен! («Нортннейборз»журналы, Канада).• Әуезов — қазақ болмысы мен мінезінің ғажайып айнасы, қазақ өмірінің кең тынысты көркем әдебиет пен көркем өнердегі келісті кескіні, қайталанбас полотносы, реалды шындығы, кемеңгерлік кестесі. Өзі туған ұлтын бар артық-кемімен ішінен үңги отырып тану, зерттеу, соны өзіне ғана, яғни қазаққа ғана емес, жұмыр жердің ұлы төсін жайлаған кез келген ұлтқа, әрбір жұмыр басты пендеге түсінікті ете отырып таныту — Әуезов әлемінің сиқырлы да сырлы қуаты (жазушы Нұрлан Оразалин).
Ответы