?>
1-тапсырма. Мәтіндерді түсініп оқып, 2 мәтіннің стилін, тақырыбын, мазмұнын салыстырып жаз. 1-мәтінҰлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба және әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абайдың білім алуына жол ашқан – әкесі Құнанбай болса, тәрбие берген әжесі Зере болды. Шешесі Ұлжан да ұлының тәрбиесі мен білімді болуына көп ықпал жасаған. Жас Абай бос уақытында өздігінен ізденіп, қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Ол Низами, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, т.б. шығыс ақындарының өлеңдерін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстардың ұлы ойшылдары А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, М.Ю.Лермонтов, М.Е.Салтыков-Щедрин, Н.А.Некрасов, т.б. ақын-жазушылардың шығармаларымен танысады, олардан аударма да жасайды. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Ч.Дарвиннің еңбектерімен танысып, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңейтіп, білімін дамыта береді.
Ответы
Егер мен хан болсам, қайтер едім? деген сұраққа жауап беру оңайға соқпас. Себебі хан болу үшін ең алдымен адамға үлкен жауапкершілік пен әділдік керек, өйткені ел билеу оңай шаруа емес. Сенім артқан халықтың үмітін ақтап, әділ ел билеуші болу өте қиын шаруа.
Мен өз басым хан болсам, алдымен қарапайым халықтың жағдайын жақсартуға бар күш - жігерімді жұмсар едім. Материалдық жағдайы қиын отбасыларын әбден оңалып кеткенше салықтан босатып, жұмысқа орналасу мәселелерін реттеуші едім.
Одан кейінгі ретте қарт кісілердің жағдайын ойластырып, әлеуметтік мәселелерді қолға алушы едім. Себебі "қарты бар ел - қазыналы ел" демекші осы үлкен кісілердің ақ батасын алып, пейіліне бөленудің өзі үлкен қуаныш.
Сонымен қатар қайырымдылқ жасау шараларын қолға алушы едім, себебі қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді. Әзірге осы.
Бірақ мен бір сәтте хан болып, ел билеу ісіне араласып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, ел басқару ісіне де біршама жақын болатыныма сенемін.
Объяснение: