Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінді оқып, мазмұны бойынша сұрақтар дайындаңдар. «Фантастика» сөзі грек тілінен аударғанда «қиялдау» (phantasia), «қиялөнері» (phantastike) деген мағынаны білдіреді. Бұл шындық өмірден ерек-шеленетін табиғаттың тылсым күштері және жаңа техникалық құралдардыңғажайып құпия-сырлары мен мүмкіндіктері туралы қиялдан туындайды.Сондықтан фантастикада екі түрлі бағыт бар. Біріншісі орта ғасырдан берікеле жатқан жердің асты мен үстіндегі сиқырлы, тылсым күштердің адамзатөміріне ықпалын көрсететін бағыт. Екіншісі жаңа техникалық құралдарарқылы жаратылыстың құпия сырларын пайдаланып, болашаққа болжамжасайтын ғылыми басымдыққа ие бағыт. Осы бағытта жазған жазушы-фан-тастардың болашаққа жасаған болжамдарының кейбірі шынайы өмірде орын-далып жатқаны белгілі.Ғылыми фантастика (ағылшынша «science fiction» - ғылыми болашақ) —ХХ ғасырда көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер сала-ларында қалыптасқан жанр. Ғалым К.Г.Фрумкин: «Ғылыми фантастикатехникалық, тарихи, әлеуметтік тұрғыда болғанымен, онда сиқыр күшікездеспеуі тиіс. Себебі ғылыми фантастикада ғылым мен техника жетекшіорынға ие», - деген.Ғылыми-фантастикалық шығармаларда міндетті түрде ғылыми-техни-калық жетістіктердің адам өміріне әсері көрсетіліп, көбіне басқа ғаламшарғасаяхат пен аспан әлемінде орын алған оқиғалар, роботтар, жаңа технологияларсипатталады. Жаңа техникалық құрылғылардың пайда болуы және ғылымсаласындағы түрлі жетістіктердің нәтижесінде ғылыми фантастиканың жаңатүрлері пайда болуда.