zoosalon-hollywood5
?>

Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі мәселені анықтаңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз (80-100 сөз Оқшау сөздерді қолданыңыз. Дескриптор Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды - 1 Автордың көзқарасын ажыратады - 1 Өз пікірін білдіpеді - 1 Ойын жүйелі жеткізеді - 1 Оқшау сөздерді қолданады - 1 Қатесіз жазады - 1​

Казахский язык

Ответы

Shamil

ответ:Адам өміріндегі ең маңызды, әрі жауапты сәттердің бірі – мамандық таңдау. Өйткені, бұл шешім сенің өміріңді өзгертіп қана қоймай, болашағың, ертеңгі күнің болмай ма? «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал» дегендей, қазір сан мамандық иесін таңдаудың жолында тұрмыз. Осы жолда адам бойындағы өмірлік құндылықтары, кəсіби бағыттылығы анықталады. Менің ойымша, әрбір адам өз түйсігіне сеніп, жүрек қалауымен болашақ мамандығын таңдауы керек. Осының бәрін түсіне отырып, мамандық таңдауға мен де барынша құлшына кірістім.

Менің таңдаған мамандығым – бала кезімнен алдыма қойған мақсатымның, қиялымда кеңге жайған асқақ арманымның нәтижесі. Ол – журналист болу. Қарапайым журналист емес, жаһандық аренада танымал қазақ журналисі болу. Қазақ еліндегі журналистика саласының беделін әлемдік деңгейдегі елдермен теңесуіне өз үлесімді қосу.

Журналист болғым келеді!.. Бұл ой маған ғайыптан, не болмаса, ата-анамның қалауынан келген жоқ. Қазіргі жүректегі «журналист боламын» деген жалын оты бала кезімнен тұтанып, жүрегімнің түкпірінен орын алған болатын. Бірақ, анам сияқты мұғалім боламын деп немесе ақ халатты абзал жан – дәрігер боламын деп біраз уақыт жүрдім. Дегенмен де, жүрек қалауымен журналист болуға белімді будым. Бала күнімнен бастап, ойымдағының бәрін қаламның ұшымен ақ парақ бетіне түсіріп, көп кітап оқыдым. Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым.

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап…» деп талмай еңбектеніп, қажырлы жұмыс жасап, бойымдағы шығармашылық қабілеттерімді дамытып жатырмын. Бұл мамандық әдеби тілді, сауаттылықты қажет етеді деп түсінемін. Әрдайым газет-журналдарды оқи отырып, әр тақырыптағы мәселелерді зерделеп, ой елегінен өткізіп отырамын. Іздене отырып, менің де журналистикаға деген құлшынысым арта түседі. Өзімді шыңдау үшін әртүрлі сайыстарға қатысып өзімді сынап келемін. Есейе келе, бұл арман – алға қойған мақсатыма айналды.

Объяснение:

ӨЗІҢ ҚЫСҚАРТП ЖАЗАСНГОЙ ОК?

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі мәселені анықтаңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз (80-100 сөз Оқшау сөздерді қолданыңыз. Дескриптор Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды - 1 Автордың көзқарасын ажыратады - 1 Өз пікірін білдіpеді - 1 Ойын жүйелі жеткізеді - 1 Оқшау сөздерді қолданады - 1 Қатесіз жазады - 1​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

miss1380
gdmaslo
opal19575
e-s-i-k
Galinagol559
ViktorovnaLarin
avolodyaev
Dimston134877
shelep19789
lokos201272
apetrov54
Rafigovich1267
memmedovallahverdi0239
dirzhanov683
beaevgen711